Компания туралы

1917

1917 жылы революция және азаматтық соғыс оқиғаларынан кейін темір жолдар қирау мен бейберекетсіздікің шегінде болды.

1921

1921 жылдың сәуірінде Жол қатынастары халық комиссариатын Ф.Э. Дзержинский басқарды. Тәжірибелі басшы мен ұйымдастырушы санаулы айлардың ішінде орын алған жағдайды реттеді, ВЧК органдары мен милицияның кертартпа әдістерімен тәртіп орнатудың мүмкін еместігі туралы шешімге келіп, «Егер біз бұл іске адал және саналы теміржолшыларды тартпасақ, ұрлықты жоя алмаймыз» деді. Сол уақытта ВЦИК пен Еңбек және қорғаныс кеңесі «қоймалар, пакгауздар мен зат қоятын бөлмелерді, солармен бірге темір жолдар мен су жолдарындағы құрылыстарды күзету туралы» декретті қабылдады.

Жол қатынастары күзетінің алғашқы бастығы болып И.И. Леппе тағайындалды. Ол көліктегі ірі көлемдегі тонауларды туғызатын себептер мен жағдайларды анықтауға көп көңіл бөлді. Жолдарда комиссиялық тексерістер жүргізілді.Ондаған және жүздеген күзет атқыштарының жеке ерліктері, бөлімшелердің әскери қабілеттіліктерінің жоғары деңгейде болуы темір жол нысандарына, жүк және жолаушылар пойыздарына жасалатын жаппай шабуылдарды төмендетті.

1925

1925 жылы қыркүйекте темір жолдар күзеті бастықтарының съезі болып, аталған съезде мамандарды іріктеу, жеке құрамды оқыту, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қаруландыру, тонаушылықпен күресу, құрылыстарды күзету, баукеспелікпен күресу сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

Қызмет көрсетуді ерекше қаруланған жасақтардан тұратын атқыштар күзеті жүзеге асырды. Олар әскери бөлімшелер принципі бойынша құрылды.

Көп жағдайда олар теміржолшылардың әскерилендірілген ведомостволық күзетінің алғашқы үлгісі ретінде қызмет етті.

1930

1930 жылдың желтоқсанынан бастап станциялардың перрондарында, вокзал ғимараттары мен билет кассаларында тәртіпті сақтау ведомостволық күзет атқыштарына жүктелді.

Ұлы Отан соғысы басталысымен теміржол көлігінің жұмысы тек қана әскердің мұқтаждығы үшін үздіксіз жүк жеткізу болды. Барлық маңызды нысандар: көпірлер, тоннельдер, станциялар, өндіріс және материалдық-техникалық қоймалары, телеграф және телефон станциялары мен байланыс желілерін ЖІХК әскерлері өз бақылауына алды. Көптеген күзет атқыштары қолданыстағы әскерге жұмылдырылды немесе майданға өз еріктерімен кетті.

Жол қатынастарының атқыштар күзеті ЖІХК қарулы-вахтерлік және әскеридірілген-өрт күзеті болып атала бастады. Күзет қызметінің бақылауында тұрған аумақта тәртіпті бекіту үшін көліктің барлық нысандарында ерекше рұқсатпен кіргізу режімі орнатылды.

Алғаш рет станция парктері мен жүру жолдарындағы жүктердің күзетілуін қамту міндеті жүктелді. Атқыштар рұқсатпен кіргізу режімін қамтамасыз етті, азаматтардың жүк пойыздарында заңсыз жүруімен күресті, қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылады.

1951

1951 жылдан бастап әскерилендірілген күзет темір жолдың жалғыз қаруланған күзет құрылымы болды. Ол станциялар мен сапар желісі бойындағы жүктерді; ерекше маңызы бар қолдан жасалған техникалық құрылғылар мен арнайы ғимараттарды; кассирлер тасымалдайтын қолма-қол ақшаны күзетуді; теміржол станцияларындағы рұқсатпен кіру режімін сақтауды; жүк пойыздарда рұқсатсыз жүрумен күресуді және т.б. жүзеге асырды. 1956 жылы қысқа аялдаулар кездерінде вагондардан ұрланудың алдын алу мақсатында тәулік бойы бірлесіп патрульдеу үшін әскерилендірілген күзет пен милицияның арнайы топтары пайда болды.

Содан бері көптеген өзгерістер болды, солардың ең бастысы — Қазақстан Республикасының егемендік алуы. Осы сәттен бастап отандық темір жолдар сияқты, әскерилендірілген темір жол күзетінің де жаңа даму кезеңі басталды.
2001

2001 жылы «Қазақстан темір жолы» РМК-ның «Арнайы әскерилендірілген күзет қызметі» еншілес мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ААҚ болып, соңыра акционерлік қоғам болып қайта құрылды.

Бүгінде Қазақстан Республикасының «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ — теміржол қызметінің Қазақстан Республикасының теміржол инфрақұрылымына кіретін барлық нысанының қорғалуын, жүктердің ілеспе күзетін қамтамасыз ететін, жүктерді күзетіп алып жүру мен темір жол қызметі ең ірі күзет ұйымдарының бірі.

Қоғам темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөлге ие Қазақстан Республикасының негізгі күштері мен құқық қорғау құрылымдарымен өзара әрекеттестікте жұмыс атқарады.

Қоғам кез-келген орында және жылдың кез-келген мерзімінде міндеттерді автономдық режімде орындауға мүмкіндік беретін қазіргі заман талабына сай техникамен және құралдармен жабдықталған және күзет қызметтерін сапалы деңгейде көрсету жөніндегі жаңа технологияларды жетілдіру және енгізу бойынша үнемі жоспарлы да жүйелі жұмыс жүргізеді.

Қазақстан Республикасы бойынша 11 құрылымдық бөлімшесі - филиалы бар.

Бүгінде қоғамның біртұтас және көп ұлтты ұжымында тікелей күзет қызметін көрсететін он бір мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Күзет саласындағы шетелдік серіктестермен жан-жақты өзара әрекеттесу мен тығыз халықаралық ынтымақтастқты ұйымдастыру мақсатында теміржол нысандары мен тасымалданатын жүктерді әскерилендірілген күзетпен қамтамасыз ету жөнінде «Ресей Федерациясының темір жол көлігі ведомостволық күзеті» ФМК, «Кыргыз темир жолу» ұлттық компаниясы» МК филиалы арасында өзара тиімді ынтымақтастық туралы бірқатар екіжақты маңызды келісімдерге қол қойылған. Қоғамның жалғыз акционері — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ 

Марапаттаулар, лицензиялар, куәліктер атауларының тізімі және олардың нөмірлері мен берілген күні
Лицензиялар, марапаттаулар және куәліктер