Әскерилендірілген темір жол күзетіжауапкершілігі шектеулі серіктестігі
қабылдау
ауызша өтініштер

Тарихы

1917

1917 жылы революция және азаматтық соғыс оқиғаларынан кейін темір жолдар қирау мен бейберекетсіздіктердің шегінде болды.

1921

1921 жылғы сәуірде Жол қатынастары халық комиссариатын Ф.Э. Дзержинский басқарды. Тәжірибелі басшы мен ұйымдастырушы санаулы айлардың ішінде орын алған жағдайларды реттеді, ВЧК органдары мен милицияның кертартпа әдістерімен тәртіп орнатудың мүмкін еместігі туралы шешімге келіп «Егер біз бұл іске адал және саналы теміржолшыларды тартпасақ, ұрлықты жоя алмаймыз», - деді. Сол уақытта ВЦИК пен Еңбек және қорғаныс кеңесі «Қоймалар, пакгауздар мен зат қоятын бөлмелерді, солармен бірге темір жолдар мен су жолдарындағы құрылыстарды күзету туралы» декретті қабылдады.

Жол қатынастары күзетінің алғашқы бастығы болып И.И. Леппе тағайындалды. Ол көліктегі ірі көлемдегі тонауларды туғызатын себептер мен жағдайларды анықтауға көп көңіл бөлді. Жолдарда комиссиялық тексерулер жүргізілді. Ондаған және жүздеген күзет атқыштарының жеке ерліктері, бөлімшелердің әскери қабілеттіліктерінің жоғары деңгейде болуы темір жолдар объектілеріне, жүк және жолаушылар пойыздарына жасалатын жаппай шабуылдарды төмендетті.

1925

1925 жылғы қыркүйекте темір жолдар күзеті бастықтарының съезі болып, аталған съезде мамандарды іріктеу, жеке құрамды оқыту, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қаруландыру, тонаушылықтармен күресу, құрылыстарды күзету, баукеспелікпен күресу сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

Қызмет көрсетуді ерекше қаруланған жасақтардан тұратын атқыштар күзеті жүзеге асырды. Олар әскери бөлімшелер принципі бойынша құрылды.

Көп жағдайда олар теміржолшылардың әскерилендірілген ведомстволық күзетінің алғашқы үлгісі ретінде қызмет етті.

1930

1930 жылғы желтоқсаннан бастап станциялардың перрондарында, вокзал ғимараттары мен билет кассаларында тәртіпті сақтау ведомстволық күзет атқыштарына жүктелді.

Ұлы Отан соғысы басталысымен теміржол көлігінің жұмыс тек қана әскердің мұқтаждығы үшін үздіксіз жүк жеткізу болды. Барлық маңызды объектілер: көпірлер, тоннельдер, станциялар, өндіріс және материалдық-техникалық қоймалар, телеграф және телефон станциялары мен байланысжелілерін ЖІХК әскерлері өз бақылауына алды. Көптеген күзет атқыштары қолданыстағы әскерге жұмылдырылды немесе майданға өз еріктерімен кетті.

Жол қатынастарының атқыштар күзеті ЖІХК қарулы-вахтерлік және әскерилендірілген өрт күзеті болып атала бастады. Күзет қызметінің бақылауында тұрған аумақта тәртіпті бекіту үшін көліктің барлық объектілерінде ерекше рұқсатпен енгізу режімі орнатылды.

Алғаш рет станция парктері мен жүру жолдарындағы жүктердің күзетілуін қамту міндеті жүктелді. Атқыштар рұқсатпен кіргізу режімін қамтамасыз етті, азаматтардың жүк пойыздарында заңсыз жүруімен күресті, қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылады.

1951

1951 жылдан бастап әскерилендірілген күзет темір жолдың жалғыз қаруланған құрылымы болды. Ол станциялар мен сапар желісі бойындағы жүктерді, ерекше маңызы бар қолдан жасалған техникалық құрылғылар мен арнайы ғимараттарды, кассирлер тасымалдайтын қолма-қол ақшаны күзетуді, теміржол станцияларындағы рұқсатпен кіру режімін сақтауды, жүк пойыздарында рұқсатсыз жүрумен күресуді және басқа қызметтерді жүзеге асырды. 1956 жылы қысқа аялдаулар кездерінде вагондардан жүктердің ұрлануының алдын алу мақсатында тәулік бойы бірлесіп патрульдеу үшін әскерилендірілген күзет пен милицияның арнайы топтары пайда болды.

Содан бері көптеген өзгерістер болды, солардың ең бастысы – Қазақстан республикасының егемендік алуы. Осы сәттен бастап отандық темір жолдар сияқты, әскерилендірілген теміржол күзетінің де жаңа даму кезеңі басталды.

2001

2001 жылы «Қазақстан темір жолы» РМК-нің Арнайы әскерилендірілген күзет қызметі еншілес мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ААҚ болып, кейін акционерлік қоғам болып қайта құрылды.

2014

Бүгінде Қазақстан Республикасының «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ – Қазақстан Республикасының теміржол инфрақұрылымына кіретін барлық объектінің қорғалуын, жүктердің ілеспе күзетін қамтамасыз ететін, жүктерді күзететін теміржол қызметінің ең ірі күзет ұйымдарының бірі.

Қоғам темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде зор рөл атқырып отыр, Қазақстан Республикасының негізгі күш және құқық қорғау құрылымдарымен – ҰҚК, ТЖМ, ҚР ІІМ көліктегі ішкі істер органдарымен өзара ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Қоғам кез-келген орында және жылдың кез-келген мезгілінде міндеттерді автономдық режімде орындауға мүмкіндік беретін, қазіргі заманның талабына сай техникамен және құралдармен жабдықталған және күзет қызметтерін сапалы деңгейде көрсету бойынша жаңа технологияларды жетілдіру және енгізу бойыншажоспарлы әрі жүйелі жұмыстарды тұрақты түрде жүргізеді.

Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша 11 құрылымдық бөлімшесі – филиалы бар.

Бүгінде қоғамның біртұтас және көп ұлтты ұжымында тікелей күзет қызметін көрсететін он мыңнан астам қызметкер еңбек етуде.

Күзет саласындағы шетелдік серіктестермен жан-жақты өзара әрекеттесу мен тығыз халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру мақсатында теміржол объектілері мен тасымалданатын жүктерді әскерилендірілген күзетпен қамтамасыз ету бойынша «Ресей Федерациясының теміржол көлігі ведомстволық күзет» ФМК, «Кыргыз темир жолу» ұлттық компаниясы» МК филиалы арасында өзара тиімді ынтымақтастық туралы бірқатар екіжақты маңызды келісімдерге қол қойылған.

Қоғамның Жалғыз акционері – «Қазақстан темір жолы «ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

    © 2024, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС
    Әрлем мен дамыту — Pavlenko.kz
    Әскерилендірілген темір жол күзетіжауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    Заказать консультацию
    Оставьте ваши данные и мы свяжемся с вами как можно скорее
    Нажимая на кнопку отправить вы соглашаетесь на обработку персональных данных