Тәуекелдерді басқару

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) тәуекелдерді басқару маңыздылығын Қоғамның құны мен беделіне нұқсан келтіруі мүмкін тәуекел деңгейін азайту бойынша шаралар қабылдау және уақтылы сәйкестендіруге бағытталған Қоғамның корпоративтік басқару жүйесінің шоғырландырылған және жеке тұрғыдағы  басты компоненті деп санайды.

Қоғамда шоғырландырылған тұрғыдағы тәуекелдерді басқару Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін (бұдан әрі – ТБКЖ) енгізу арқылы жүзеге асырылады.  ТБКЖ – бірыңғай процеске біріккен өзара байланысқан элементтердің жиынтығы, осының шеңберінде Директорлар кеңесі, басшылық және қызметкерлер өз деңгейлерінде Қоғамның қызметіне нұқсан келтіруі мүмкін әлеуетті жағдайларды анықтауға, сондай-ақ Жалғыз акционердің тәуекел деңгейі шеңберіндегі осы жағдайларды басқаруға қатысады.

Саясат ТБКЖ-ны тәжірибеде қолдану процесіндегі пайда болуы мүмкін барлық сценарийді түгел қамтуды көздемейді, тәуекелдерді басқару процесі басқарудың күнделікті процесінің бір бөлшегі болғандықтан, басқарудың әр түрлі тәсілдері мен шығармашылық ізденістердің болу керегін ескереді.

ТБКЖ-ны енгізу және жетілдіру Қоғамның стратегиялық және операциялық мақсаттарына жетуінің қажетті шарты және болашақтағы перспективасының аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

ТБКЖ-ның басты мақсаты тәуекелдерді және мүмкіндіктерді басқарудың тиімділігін арттыру арқылы капиталдандыру процесінің ұлғая түсуіне ықпалын күшейту.

Қоғамның міндеті тәуекел-менеджмент жүйесін сүйемелдеу нәтижесінде Директорлар кеңесінің және Қоғам президентінің ресурстарды Қоғамға тиімді тәуекелдер деңгейінде қамтамасыз ету және тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және мониторигілеу есебінен осындай салымдардан пайда көру үшін басымдық бағыттар бойынша тиімді басқаруға және бөлуге мүмкіндік беру болып табылады.

Қоғам тәуекелдерді басқарудың халықаралық стандарттарына және әлемдік озық тәжірибелерге негізделген тәуекелдерді басқару жүйесін құру бойынша шаралар қабылдайды.

Тәуекелдерді басқару Қоғам алдына қойылған белгілі мақсаттар мен міндеттер аясында бекітілген стратегиялар, жоспарлар, басқа да ішкі құжаттар бойынша жүзеге асырылады.

Қоғамның ішінде тәуекелдер туралы хабардар болып, тәуекел-мәдениетті дамыту, тәуекелдерді басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында тұрақты түрде ақпарат алмасулар жүргізіледі. Қызметкерлердің барлығы тәуекелдерді басқару бойынша басшылықтан атқаратын қызметтері және әріптестерімен әрекеттесуі туралы уақтылы тапсырма алып, өздерінің рөлдері мен қызметтерін айқын біліп отырады. Олар өз тарапынан тәуекелдер мен басқару жүйесінде байқалған кемшіліктер туралы Директорлар кеңесіне және Қоғам Президентіне үнемі хабарлап тұрады. Үшінші жақпен, яғни клиенттермен, әрптестермен, реттеуші және бақылаушы органдармен, сондай-ақ, Жалғыз акционермен тиімді байланыс жүйесі бар.

ТБКЖ мониторингісі тәуекелдерді басқарудың процестерінің маңызды бөлігі болып саналады, сол арқылы осындай жүйенің бар-жоғына және оның компоненттерінің орындалуына баға беріледі. Мониторинг Саясаттың орындалуын, тәуекелдерді басқару жүйесінің процедуралары мен                       іс-шараларының және мақсатты тексерулердің нәтижелерін тұрақты түрде бақылауды жүзеге асырады. Мақсатты тексерулердің ауқымы мен жиілігі тұрақты мониторигінің тәуекелдерді бағалауы мен тиімділігіне байланысты болады. Директорлар Кеңесіне мен Қоғам Президентіне тәуекелдерді басқару жүйесіндегі кемшіліктер туралы ақпарат беріледі.

Қоғамның әрбір қызметкері тәуекелдерді басқару бойынша белгілі бір дәрежеде жауапты болып табылады.

Қоғамның басты мақсатын негізге ала отырып, сондай-ақ, Қоғамның қаржылық есебінде Қоғам филиалдарының қаржылық жетістіктерін шоғырландыру көзделетін болғандықтан Қоғамның тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі мақсаттарының бірі – тұтас Қоғам бойынша тәуекелдерді басқарудың бірыңғай жүйесін енгізіп, оны жетілдіру. Қоғам осы мақсатқа жету үшін Қоғам филиалдарында тәуекелдерді басқару мен енгізу процестеріне курьерлік етеді, әдістемелік, консультативтік көмек көрсетеді, сондай-ақ, Қоғамдағы ТБКЖ қызметін дамыту және жетілдіру бойынша қызметтерді үйлестіреді.

Қоғамдағы тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу қажетті инфрақұрылым мен мәдениетті белгілеуді және дамытуды, сондай-ақ шығындарды болдырмау және барынша мол пайдаға жету мақсатында Қоғамның және (немесе) оның филиалдары қызметінің барлық бағыттарындағы міндеттері мен процестерінде тәуекелдерді сәйкестендіру, талдау және бағалау, мониторингілеу, бақылау мен басқарудың логикалық және жүйелі әдістерін қолдануды қамтуды көздейді.

Қоғамның саясаты шеңберіндегі өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қоғамның Жалғыз акционерінің және басқа да мүдделі тараптардың мүдделері мен тәуекелдерді жүзеге асыру нәтижелерін  ескеретін болады.


Компания менеджменттің салыстырмалы жаңа, өзіндік бағыты болып табылады, бұл компаниядағы айтарлықтай маңызды басқару процесінің бірі.

Компанияда тәуекелдерді басқарудың корпоративті жүйесін енгізу, қажетті инфрақұрылым және мәдениетті орнатуды және дамуды тұспалдайды, сонымен қатар шығындарды алдын алу және пайданы барынша көбейту мақсатында Компания қызметінің барлық бағыттарында, функциясы мен процестеріне тән тәуекелдерді бақылау және басқаруды, мониторингті, саралу мен баға беру, сәйкестендірудің логикалық және жүйелік тәсілдерді қолдануды қамтиды.

Саясат аясында өз қызметтерін жүзеге асырған кезде Компания, Компанияның Жалғыз акционері және басқа мүдделі тараптар үшін тәуекелдерді іске асырудың мүдделері мен салдарын ескереді.. Компания тәуекелдерді басқару саласында әдіснаманы өңдейді. Компания Директорлар кеңесінің шешімімен «ӘТЖК» АҚ тәуекелдерін басқару саясаты бекітілді.

Компанияда тәуекелдерді басқару — тұрақты, серпінді және үздіксіз процесс.
Тәуекелдерді басқаруды тиімді ұйымдастыру мақсатында Компания президенті жанында тәуекелдер бойынша комитет құрылған. Тәуекелдер бойынша комитет — Компания тәуекелдерін басқару жүйесін ұйымдастыру процесін үйлестіретін, Компания президенті жанындағы үздіксіз жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.

Тәуекелдерді басқару жүйесінің әр компонентін жүзеге асыру процесінде Компанияның құрылымдық бөлімшелері арасында ақпарат алмасу қамтамасыз етіледі.

Тәуекел — Компаниядағы COSO стандарты негізінде жүзеге асырылады.