Директорлар кеңесі

Қоғамның қызметіне Қоғамның Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Қоғамның Жарғысына кіретін Жалғыз акционердің айрықша құзіретіне қатысты  мәселелерді қоспағанда жалпы басшылық жасайды.

Қоғамның Директорлар кеңесі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен келесі құрамда сайланды:



Рахымбеков Асқар Нұриденұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы

Рахымбеков Асқар Нұриденұлы 1971 жылы  29 қаңтарда   Алматы  қаласында туылған.

1988 - 1992   Целиноград инженерлік – құрылыс  институтының  өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс факультетіне түсіп, инженер –  құрылысшы  мамандығын алған.

2014 Т. Рысқұлов атындағы Экономика университеті Стратегиялық менеджменті бойынша іскерлік әкімшілендіру Магистры;

1993-1994  Целиноград инжеенерлік – құрылыс институтының экономика және өндірісті басқару факултьтетінің оқытушысы;

1993-1995 Қазақстан Республикасы қарулы күштері қатарында әскери қызмет;

1995 - 1996  Мүлікті басқару жөніндегі Ақмола территориялық комитеті, ақпараттарды сараптау және тіркеу бөлімінің жетекші маманы;

1996-1997   Мүлікті басқару жөніндегі Ақмола территориялық комитеті, ақпараттарды сараптау және тіркеу бөлімінің бастығы;

1997 -1998  Ақмола облысы бойынша жекешелендіру жөніндегі ҚР Мемлекеттік комитеті, Төраға орынбасары;

1998- 1999 ҚР Қаржы министрлігінің  Ақмола  территориялық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының бірінші орынбасары;

1999 -1999 «Қазақстан темір жолы» РМК Қаржы Бас басқармасының мүлікті оңтайландыру бөлімінің бастығы;

1999 – 2002 «Қазақстан темір жолы» РМК экономика, қаржы және статистика департаменты мүлікті оңтайландыру Басқармасының бастығы;

2002 -2002 «Қазақстан темір жолы» РМК акционерлендіру және мүлікті сату Басқармасының бастығы;

2002 – 2003 «Қазақстан темір жолы» ЖАҚ акционерлік қоғамдармен жұмыс және мүлікті оңтайландыру Басөармасының бастығы;

2003-2005 «Интранском» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;

2005 -2009 «Dala Group» АҚ жоба жетекшісі;

2005 -2010 « Комбинат «Фараб» ЖШС Директоры;

2010 – қазіргі таңда «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Мүліктерді басқару Департаменті директоры.

2016 жылғы 31 тамыздан бастап "Әскерилендірілген темір жол күзеті" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің Төрағасы.


Бабиченко Владимир Владимирович
Директорлар кеңесінің мүшесі

1982 жылы Қазақстан Республикасы Қостанай облысында дүниеге келген. Қостанай инженерлік - педагогикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

02.07.2015 жылдан бастап «ҚТЖ «ҰК» АҚ – оперциялық және қаржылық қызметті жоспарлау Департаментінің директоры;

14.03.2014 – 01.07.2015 «ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Тасымалдау процессі Дирекциясы» филиалы директорының орынбасары;

02.05.2013 – 15.11.2013 «Жол Жөндеуші» Компаниясы» Қаржы директорының орынбасары;

28.04.2008 – 23.04.2013 «ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Қостанай жол бөлімі» филиалының жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы.

2015 жылғы 13 қазаннан бастап «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.


Балташев Бахытжан Балғабекұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі

«ӘТЖК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Балташев Бахытжан Балғабекұлы 1969 жылы 12 шілдеде Ақмола облысына қарасты Щучинск қаласында туылған.

Мектепті аяқтаған соң Көкшетау ауылшаруашылық институтының ауылшаруашылығын механизациялау факультетіне түсіп, 1992 жылы инженер – механик деген мамандық алған.

1993-1996 жылдары Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасының жоғары полиция мектебінде оқып, заңгер – құқықтанушы деген мамандық алып шығады.

1992 – 2015 жылдары Қазақстан Республикасының Ішкі Істем министрлігінде әртүрлі қызметтер атқарған. Полиция полковнигі.