Кәсіподақ

«Балауса болашақ» балалар суреттері сайысы туралы ақпарат

 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өскелең ұрпаққа болашақта теміржолшылардың балалары өздерінің ата-аналарының жолдары бойынша жүруі және теміржол саласының дамуына маңызды үлес қосуы мүмкін болғандықтан аса назар аударады.
 «ҚТЖ» ҰК» АҚ жыл сайын өскелең ұрпақтардың арасында темір жол қызметкерлерінің беделін көтеру бағытында балаларға арналған іс-шаралар ұйымдастырады. Осындай іс-шаралардың бірі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің балалары арасында өткізіліп тұратын «Балауса болашақ» балалар суреттерінің сайысы.

Бұл жылы сайыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
25 жылдығына арналды.

1 маусымда Астана қаласындағы «ӘТЖК» АҚ ғимаратының фойесіне Қазақстанның барлық өңірінен жас сайыскерлердің әділқазылардың қарауына жолдаған 53 сурет ілінді.

Суреттерде сайысты ұйымдастыру себептері: осы балалардың туған-туысқандарының темір жолдағы жұмысы бейнеленген. Балалар олардың еңбектерін бүгін қағазға салса, ал ертең осы мамандықтардың иесі болуды алдарына мақсат етіп қоюлары әбден мүмкін.

 «ӘТЖК» АҚ кәсіподақ комитетінің өкілдері сайыс жеңімпаздарын салтанатты түрде мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

10 (2).JPG

11.JPG

12 (1).JPG

DSCN5234.JPG

DSCN5238.JPG

IMG_1802.JPG

IMG_2458.JPG

IMG_2486.JPG

 



Кеңес мүшелерінің 2016 жылдың 10 тамызы күні  өткен отырысы туралы


2016 жылдың 10 тамызы күні «Қазақстандық салалық  теміржол, автомобиль, әуе және су көліктері қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «Әскерилендірілген темір жол күзеті»  филиалының Кеңес мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Отырысты «Қазақстандық салалық  теміржол, автомобиль, әуе және су көліктері қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ «Әскерилендірілген темір жол күзеті» филиалының төрағасы
Талғат Боранбайұлы Ескенов ашты.

Бұдан басқа Кеңес отырысында «ӘТЖК» АҚ персоналды басқару департаментінің директоры Ә.С. Әлімғазиева,  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі функционалдық бағыттың бас менеджері Қ.С. Таласпеков, еңбек және еңбекақы жөніндегі функционалдық бағыттың бас менеджері
Е.М. Рысбаев,  тауарлармен, жұмыс және қызмет түрлерімен қамтамасыз ету бөлімі бастығының міндетін атқарушы В.С. Сарбасов қатысып,  Кеңес мүшелеріне еңбекақы төлеу, арнайы киімдермен қамтамасыз ету, әлеуметтік төлемдерге қатысты түсініктеме берді.

Сондай-ақ Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес: «ӘТЖК» АҚ пен оның еңбек ұжымы арасындағы  2015 – 2017 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың  2016 жылдың І жартыжылдығындағы орындалу барысы туралы; «ӘТЖК» АҚ-тағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және басқа да мәселелер бойынша ұйымдастыру жұмыстарының 2016 жылдың І жартыжылдығындағы жағдайы туралы мәселелер қаралды.

Кеңес мүшелері талқыланған мәселелер бойынша тиісті қаулыларды қабылдады.

Отырыстың нәтижелері бойынша нақты тапсырмалары және орындалу мерзімдері көрсетілген хаттама ресімделді. 
  
IMG_2172.JPG


«ӘТЖК» АҚ жастарының қатысуымен өткен «дөңгелек үстел»

Қазақстан кәсіподақтары күні «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ орталық аппаратының және «ӘТЖК» АҚ Астана қаласындағы филиалы құрылымдық бөлімшелерінің белсенді жастары Қоғам мен Кәсіподақ жүргізіп отырған жастар саясатының мәселелерін талқылау үшін «дөңгелек үстелге» жиналды.

КАЗПРОФТРАНС-тың «Әскерилендірілген темір жол күзеті» филиалының төрағасы Талғат Боранбайұлы Ескенов өзінің алғы сөзінде белсенді жастарды кұттықтап, «ӘТЖК» АҚ беделін көтеру бойынша жұмыстарға белсене араласуға шақырды.

Жастар «дөңгелек үстел» барысында көлік саласында қолданыстағы жастар саясатын талқылады және 2016 жылдың ІІ жартыжылдығына жоспар жасады. Жас мамандар жастармен жұмыс жасау жөніндегі сектор құру, Жастар істері жөніндегі кеңес құру, «ӘТЖК» АҚ жастарының форумын өткізу және басқа мәселелер бойынша ұсыныстарын білдірді.

Белсенді жастар өз жұмыс жоспарының бірінші тармағына әскерилендірілген күзеттің құрылғанына 95 жыл және 2016 жылдың желтоқсан айында «ӘТЖК» АҚ-тың құрылғанына 15 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараларды өткізуді белгіледі.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы КАЗПРОФТРАНС-тың «Әскерилендірілген темір жол күзеті» филиалы таратпа материал ретінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен басқа да заңнамалық актілерінің, сондай-ақ Қоғамның Ұжымдық шартының жас қызметкерлердің құқықтарына кепілдік болатын негізгі ережелері енгізілген «Жастарға көмек беруге ҚҰҚЫҒЫҢ БАР!» атты кітапшалар шығарды.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары отырысының қорытындысы бойынша Қарар қабылданды.

IMG_1956.JPG

IMG_1917.JPG


Жұмыс орнындағы күйзеліс: ұжымдық талаптар

Өмірдің жедел қарқыны, ұдайы өзгеріп отыратын еңбек жағдайы және қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың артуы – әрине, адамның психологиялық жайкүйіне әсер етеді, өкінішке орай ол әсер оң емес. Еуропалық жұмыс орнындағы қауіпсіздік және еңбек қорғау агенттігінің мәліметтері бойынша – әрбір үшінші адам жұмыс орнында  күйзеліске ұшырайды, күйзеліс – жұмыс орнындағы деңсаулық мәселелермен байланысты жиі жарияланатын факторлардың ішінде екінші орында.

Жыл сайын 28 сәуірдегі атап өтетін Дүниежүзілік еңбек қорғау күні аясында Астана қ. «ӘТЖК» АҚ филиалында және «ӘТЖК» АҚ Орталық аппаратында «Жұмыс орнындағы күйзеліс: ұжымдық талаптар» тақырыбында ақпарат күні өткізілді.

Қызметкерлерге жұмыс орнындағы күйзеліс себептері және белгілері туралы айтып берді. Сонымен қатар, Дүниежүзілік еңбек қорғау күні барлық қатысушыларға күйзелістен қалай құтылу туралы ақпараттық парақтар берілді.

Осындай іс-шара өткізу барлық "ӘТЖК"АҚ Филиалдарында жоспарланған.

анти стресс 1.jpg

анти стресс 2.jpg

анти стресс 3.jpg

анти стресс 4.jpg


Кеңес мүшелерінің мәжіліс өткізуі туралы


IMG_9754.JPGIMG_9757.JPG

2016 жылдың 11 ақпанында «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «Әскерилендірілген темір жол күзеті» филиалының кеңес мүшелерінің кезекті мәжілісі өткізілді. Мәжілісті «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» «ӘТЖК» филиалының төрағасы Талғат Боранбайұлы Ескенов ашты.

Мәжіліске «ӘТЖК» АҚ президенті Тұрарбеков Мереке Аманжолұлы шақырылған. Баяндама кезінде әлеуметтік төлемдер, жалақы мәселелері бойынша қозғады. Сөзінің соңында әлеуметтік әріптестік үшін кәсіподақ төрағаларына алғысын білдірді.

Сонымен қатар, мәжіліске «ӘТЖК» АҚ қызметкерлері атқарушылық директоры А.С. Алимгазиева, материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Е.А.Аяпбергенов, еңбек қорғау мен қауіпсіздіқ бөлімі бастығы К.С.Таласпеков, жоспарлы-экономикалық бөлімнің бастығы Е.М. Рысбаев шақырылған. Олар Кеңестің мүшелеріне жалақы, арнайы киіммен қамтамасыз ету, әлеуметтік төлемдер туралы түсініктемелер берді.

Күн тәртібіне сәйкес кеңес мәжілісінің ұйымдық сұрақтары талқыланды, сонымен қатар 2015-2017 жылдарындағы «ӘТЖК» АҚ және ұйым қызметкерлері арасындағы келісім-шарт орындалулары туралы, 2015 жыл бойынша «ӘТЖК» АҚ-дағы еңбек қорғау мен қауіпсіздік бойынша сұрақтарды ұйымдастыруының жай-күйі туралы және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы 2016 жылды білім жылы жариялағына арналған пилоттық жобасын «Ұрпақ – Мәңгілік ел» өткізу туралы ақпарат айтылды. Жоба аясында үш конкурстар өткізу туралы жарияланған: фотобайқау «Ұрпақ – Мәңгілік ел. Темір жол тұлғалары»; балалар сурет байқауы «Ұрпақ – Мәңгілік ел. Жаңа классик бол»; мәнерлеп оқу сайысы «Ұрпақ – Мәңгілік ел. Классикті оқып біліңіздер».

Талқыланған сұрақтар бойынша кеңес мүшелерімен қаулылар қабылданды.

Мәжіліс нәтижесі бойынша нақтылы тапсырмаларымен және орындау мезгілдерімен хаттама дайындады.

«ӘТЖК» «Қазақстандық теміржол қызметкерлерінің
автомобильді, әуе және су көлігі салаларының кәсіби
одағы» Қоғамдық бірлестігі филиалының VІ есеп
беру-сайлау конференциясының өткізілгені туралы

2015 жылдың 17 маусымы күні «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-тың акт залында Қоғам бірлестігінің Жарлығына сәйкес, «ӘТЖК» АҚ «Қазақстандық теміржол қызметкерлерінің автомобильді, әуе және су көлігі салаларының кәсіби одағы» Қоғамдық бірлестігі филиалының VІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Конференцияға 2015 жылдың наурызы мен 2015 жылдың мамыры кезеңі аралығында «ӘТЖК» АҚ –тың барлық филиалдарында өткен, сайлау жиналысында сайланған тұлғалар мен делегаттар конференцияға қатысты. Есеп беру- сайлау конференциясына барлығы 46 делегат таңдалынды, сондай-ақ 2 делегат қызметі бойынша қатысты: Филиал төрағасы – Т.Б. Ескенов және де ревизия жөніндегі филиал комиссиясының төрайымы – Р.К. Джаниева.

Сондай-ақ конференция жұмысына шақырылған қонақтардан қатысқандар: «Қазақстандық теміржол қызметкерлерінің автомобильді, әуе және су көлігі салаларының кәсіби одағы» ҚБ төрағасы – О.Т. Ахметбаев, «ӘТЖК» АҚ вице-президенті – Б.К. Қабдолдин, «ӘТЖК» АҚ атқарушы директоры – Ә.С. Әлімғазиева, «ӘТЖК» АҚ атқарушы директоры – С.П. Ким, «ӘТЖК» АҚ атқарушы директоры – Т.Б. Бекешев, «ӘТЖК» АҚ атқарушы директоры – М.С. Шаңқыбаев.

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды: 2015 жылдың 17 шілдесі мен 2014 жылдың 17 ақпаны кезеңіндегі филиал Кеңесінің жұмысы туралы есеп; 2015 жылдың 17 шілдесі мен 2014 жылдың 17 ақпаны кезеңіндегі ревизиялық комиссиясының жұмысы туралы есеп, филиал кеңесінің жаңа құрамын сайлау, филиалдың ревизиялық комиссиясын сайлау, «Қазақстандық теміржол қызметкерлерінің автомобильді, әуе және су көлігі салаларының кәсіби одағы» Қоғамдық бірлестігінің ІХ съезд делегаттарын сайлау.

Филиал төрағасы Т.Е. Боранбайұлы 2015 жылдың 17 шілдесі мен 2014 жылдың 17 ақпаны кезеңіндегі филиал Кеңесінің жұмысы туралы баяндамасымен шықты, конференция делегаттарына жүргізілген жұмыстар туралы ақпаратты жеткізді. Баяндама барысында филиалдың ұйымдастыру жұмыстарына қатысты жанама мәселелер де болды, қайырымдылық көмекке шығындар туралы, мәдени-көпшілік пен спорттық ісшаралар, сондай-ақ, еңбекті күзету жөніндегі жұмыстар және т.б.

Баяндама соңында жарыссөзге шығу ұсынысы енгізіліп, филиал жұмысын қанағаттанарлық деп мойындады.

«Қазақстандық теміржол қызметкерлерінің автомобильді, әуе және су көлігі салаларының кәсіби одағы» ҚБ филиалының төрағасын сайлауға «ӘТЖК» АҚ Т.Б. Ескеновті кандидаттыққа ұсынды. Конференция делегаттары Т.Б. Ескеновтің кандидаттығын қолдады және бірыңғай дауыс берді.

Конференция жұмысын аяқтаған соң делегаттар үшін Астана қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Елорда қонақтары Хазірет-Сұлтан мешіті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейін аралап шықты.


Марат Уәлиұлы Байльдиновті еске алу үшін мини футболдан жыл
сайынғы төртінші рет өткізілген турнир туралы ақпарат

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Павлодар қаласындағы филиалының Кәсіподақ комитеті «ӘТЖК» АҚ Павлодар қаласындағы филиалының командалары арасында Марат Уәлиұлы Байльдиновті еске алу үшін мини футболдан жыл сайынғы төртінші турнирді ұйымдастырып 2015 жылдың 23 сәуірі күні Павлодар қаласының «Стикс» мектебінде өткізді.

Турнирде «ӘТЖК» АҚ Павлодар қаласындағы филиалының Ерейментау, Павлодар, Ақсу және Екібастұз станцияларындағы атқыштар командалары қатысты, сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың НОД-3 құрама командасы мен Павлодар қаласының балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі шақырылды.

Жарысты «ӘТЖК» АҚ-тың Павлодар қаласындағы филиалы директорының орынбасары Арыстан Оралбайұлы Ысқақов пен «ӘТЖК» АҚ-тың Павлодар қаласындағы филиалының Кәсіби одақ комитетінің төрағасы Марат Халяфутдинович Шамсутдинов ашты.

Жүлделі орындарға ие болған командалар ауыспалы кубокпен және тиісті дәрежедегі грамоталармен марапатталды.

Жүлделі орындарға ие болған командалар:

1-орын – Екібастұз станциясындағы атқыштар командасы;

2-орын – Ақсу станциясындағы атқыштар командасы;

3-орын – Ерейментау станциясының құрама командасы.

«ӘТЖК» АҚ-тың Павлодар қаласындағы филиалының директоры Серік Нәжмиденұлы Балтин мен «ӘТЖК» АҚ-тың Павлодар қаласындағы филиалының Кәсіби одақ комитетінің төрағасы Марат Халяфутдинович Шамсутдинов қатысушыларды марапаттап, турнирдің жабылу салтанатында сөз сөйледі.

Сонымен қатар дәстүр бойынша қайтыс болған М.У.Байдильдиновтің отбасына естелік ретінде сыйлықтар берілді.

Марат Уәлиұлы Байдильдинов әскерилендірілген күзет қатарының атқыштар командаларының құрамында 2000 жылдың ақпан айынан бастап әртүрлі лауазымда қызмет етіп, басшылық пен әріптестері арасында беделді болды. Ол өзінің міндеттеріне әрқашанда үлкен жауапкершілікпен қараған, 2007 жылдың 12 қыркүйегінен 13 қыркүйегіне ауған түні түнде жедел-профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде құйылмалы мұнай өнімдерін ұрламақшы болған адамдарды ұстамақшы болып, өкінішке орай Марат Уәлиұлы Байдильдинов өзінің қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапты.

«ӘТЖК» АҚ-тың Павлодар қаласындағы
филиалының Кәсіподақ комитеті


Бастапқы кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына
семинар-кеңес өткізу туралы

 

IMG_0048.jpg

«Қазақстан теміржолшыларының салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Қазақстан теміржолшыларының салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «Әскерилендірілген темір жол күзеті» филиалы кәсіби одағының қызметкерлері үшін 2015 жылдың 25 ақпаны күні семинар-кеңес өткізілді. Кәсіби одақ жұмыстарының тиімділігін арттыру – аталған семинар-кеңестің негізгі мақсаты.

Осы семинар-кеңесте күнделікті жұмыс барысында кездесетін проблемалар талқыланды.

Қатысушылардың назарына «Кәсiподақтағы ұйымдастыру және ақпараттық жұмыстар», «Кәсіподақ комитетінің жұмысын жоспарлау. Кәсіподақ комитетінің iс қағаздарын жүргiзу», «Қазақстан теміржолшыларының салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінде есептердi жасау және кәсiподақ органдарын сайлау бойынша әдiстемелiк ұсынымдар беру», «Кәсiподақтағы қаржы жұмысы. Нормативтiк құжаттар. Бастапқы бухгалтерлiк құжаттарды жасауға қойылатын талаптар» секілді мәселелер ұсынылды.

Семинар-кеңесті «Қазақстан теміржолшыларының салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Амангелді Жексенбайұлы Исин ашып, семинар-кеңеске қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, жұмыстың жемісті болуына тілектес екенін білдірді.

Кәсіподақтың ұйымдастыру және халықаралық жұмыстары жөніндегі бас сарапшысы Назира Серікқызы Кошкумбаева ұйымдастыру және ақпараттық жұмыстар, сонымен қатар кәсіподақ комитетінің iс қағаздарын жүргiзу мәселелері бойынша лектор ретінде сөз сөйледі. Талқылау барысында кәсіподақ органдарының есеп беру-сайлау жиналыстарын (конференцияларын) өткізуге қатысты мәселелер айтылды. Кәсіподақ комитеті төрағалары қойған барлық сұраққа толық жауаптар берілді.

Кәсiподақтағы қаржы жұмысы бойынша Кәсiподақтың бас бухгалтері Галина Николаевна Корниенко түсiнiктеме бердi. Проблемалық мәселелер талқыланып, бастапқы бухгалтерлік құжаттарды жасау бойынша түсініктеме берілді.

Семинарда кәсіподақ комитеттері өкілдерінің қызметкерлер ұжымымен жұмыс жасауды үнемі жүргізіп тұру керек екендігі де айтылды. Бұндай жұмыстар Қоғам басшылығымен бірлесе отырып жүргізілуі тиіс екендігі және Қазақстан Республикасының «Кәсіби одақтар туралы» Заңының, Еңбек кодексінің және еңбек қатынастарына қатысты басқа да нормативтік-құқықтық құжаттардың нормалары түсіндірілетіні де айтылды.

Семинар-кеңестің барлық қатысушысы талқыланған мәселелер бойынша әдістемелік ұсынымдар алды.

«Қазақстан теміржолшыларының салалық кәсіби одағы» ҚБ «Әскерилендірілген темір жол күзеті» филиалының төрағасы Талғат Боранбайұлы Ескенов Кәсіподақ қызметкерлеріне семинар-кеңесті ұйымдастырғандары үшін алғысын білдіріп, осындай семинарларды өткізіп тұрудың пайдасы туралы сөз сөйледі.


 1992 жылдың 26 наурызында Қазақстан Республикасында теміржолшылар мен көлік құрылысшылары кәсіби одағының құрылғаны туралы жарияланған бірінші (құрылтайшы) съезді өтті. Ол Теміржолшылар мен көлік құрылысшылары кәсіподақтарының халықаралық конфедерациясы құрылтайшыларының бірі болып саналады.

 Теміржолшылар мен көлік құрылысшыларының кәсіподағы 2000 жылдың 21 қыркүйегінде өткен IV съезде "Қазақстан Республикасы теміржолшыларының кәсіби одағы" қоғамдық бірлестігі болып өзгертілді.

Кәсіби одақ Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, Кәсіподақ жарғысына, құқықтың жалпыға бірдей принциптері мен нормаларына сәйкес қызмет етеді.

Кәсіподақ өзінің мүшелерінің еркіндігі, тең құқылылығы және ынтымақтастығы негізінде құрылып, олардың еңбек, кәсіби, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында қызмет етеді.

Кәсіподақтың құрылымы бірыңғай Жарғы шеңберінде төмендегілерден тұрады:

  • бастапқы ұйымдар;

  • филиалдар.

Теміржолшылар кәсіподағының мақсаты:

- кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау.

Теміржолшылар  кәсіподағы темір жол саласындағы реформаларды жүзеге асыруға көмек көрсетеді, қызметкерлермен байланысты күшейтеді, әлеуметтік бағыттағы тұрақты ұжым құруға ықпалын тигізеді.

Кәсіподақ пен "Әскерилендірілген темір жол күзеті" АҚ әкімшілігінің өзара қарым-қатынасы тең құқылы әлеуметтік серіктестік принципі бойынша құрылған.

Әлеуметтік саясат жұмыс істейтін қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар жұмыс істемейтін зейнеткер - теміржолшыларды да . Қызметкерлерге, олардың отбасы мүшелеріне  және зейнеткерлерге қосымша көмек пен қызметтер көрсетуді  және  қамтамасыз етеді.

Кәсіподақ қызметінің басты бағыты:
 -жұмыс беруші мен кәсіподақтың арасында әлеуметтік экономикалық саясатты, еңбек қарым-қатынасы саласындағы саясатты айқындау мен жүзеге асыруда  тең құқылы әлеуметтік ынтымақтастыққа жету, сондай-ақ сала қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау деңгейінің төмендеуіне жол бермеу.


«Қазақстандық салалық  теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «Әскерилендірілген темір жол күзеті» филиалының атқару комитетінің мүшелері

Ескенов Талгат Боранбайұлы
«Қазақстандық салалық  теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «Әскерилендірілген темір жол күзеті» филиалының төрағасы
Амиргазинов Мұрат Маженович
Алматы қаласындағы «Әскерилендірілген темір жол күзеті» Акционерлік қоғамы филиалының біріншілік кәсіподақ ұйымының төрағасы
Сугиров Сейтхан Әбдікадірұлы
Шымкент қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» Акционерлік қоғамы филиалының біріншілік кәсіподақ ұйымының төрағасы
Жетписбаева Слухия Ундасовна
Атырау қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» Акционерлік қоғамы филиалының біріншілік кәсіподақ ұйымының төрағасы
Танкин Рамазан Николаевич
Қостанай қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» Акционерлік қоғамы филиалының біріншілік кәсіподақ ұйымының төрағасы


«Қазақстандық салалық  теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «Әскерилендірілген темір жол күзеті» филиалының Кеңес мүшелері

Ескенов Талғат Боранбайұлы
«
Қазақстандық салалық  теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «Әскерилендірілген темір жол күзеті» филиалының төрағасы


Садубаев Қаршыға Сулейменұлы
Көкшетау қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» Акционерлік қоғамы филиалы  Бурабай ст. АК бастығы
Хикматов Асқар Қайратұлы
Қарағанды қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» Акционерлік қоғамы филиалының біріншілік кәсіподақ ұйымының төрағасы
Амиргазинов Мұрат Маженович 
Алматы қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» Акционерлік қоғамы филиалының біріншілік кәсіподақ ұйымының төрағасы
Муканов Мұратбек Тилеулиевич
Астана қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» Акционерлік қоғамы филиалының диспетчері
Сугиров Сейтхан Әбдікадірұлы
Шымкент қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» Акционерлік қоғамы филиалының біріншілік кәсіподақ ұйымының төрағасы
Танкин Рамазан Николаевич 
Қостанай қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» Акционерлік қоғамы филиалының біріншілік кәсіподақ ұйымының төрағасы
Шамсутдинов Марат Халяфутдинович 
Павлодар қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» Акционерлік қоғамы филиалының біріншілік кәсіподақ ұйымының төрағасы
Жетпісбаева Слухия Ундасқызы 
Атырау қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» Акционерлік қоғамы филиалының біріншілік кәсіподақ ұйымының төрағасы
Шыныбай Дариға Ыңршақбайқызы
Достық ст. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» Акционерлік қоғамы филиалының біріншілік кәсіподақ ұйымының төрағасы


Біріншілік кәсіподақ ұйымдарының төрағалары

 

«Қазақстандық салалық  теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «Әскерилендірілген темір жол күзеті» филиалы біріншілік кәсіподақ ұйымдарының төрағалары


Оспанкулова Дана Хамитқызы 
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Орталық аппараты
Қазақстан Республикасы, Астана қ-сы, Сарыарқа ауд., Аспар к-сі, 4/1

Тукушев Бауыржан Курманбаевич
Көкшетау қаласындағы «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Филиалы
Қазақстан Республикасы, Ақмола обл., Көкшетау, Локомотивная к., 1а үй индекс: 020000  
8 (71 62) 29-22-98
Горбылева Надежда Ивановна
Астана қаласындағы «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Филиалы
 Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Карталинская  к., 4үй
индекс: 010000  
8 (71 72) 93-33-10 
Хикматов Асқар Қайратұлы
Қарағанды қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ филиалы
Қазақстан Республикасы, Қарағанды
(+7 72 12) 93-26-13

Сәтенов Қажмұқан Асауұлы
Ақтөбе қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ филиалы
Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ-сы
(+7 71 32) 97-60-16

Жетписбаева Слухия Ундасқызы
Атырау қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ филиалы
Қазақстан Республикасы, Атырау қ-сы
(+7 71 22) 95-53-04


Амиргазинов Мұрат Маженұлы
Алматы қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ филиалы
Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы
индекс: 050011  
(+7 727) 296-22-33
Сугиров Сейтхан Әбдікадірұлы
Шымкент қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ филиалы
Қазақстан Республикасы, Шымкент қ-сы
(+7 72 52) 53-76-85

Танкин Рамазан Николаевич
Қостанай қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ филиалы
Қазақстан Республикасы,  Қостанай қ-сы
(+7 71 42) 90-08-60 

Катпенов Амантай Даулетбайұлы
Өскемен қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ филиалы
Қазақстан Республикасы,  Семей қ-сы

Шамсутдинов Марат Халяфутдинович
Павлодар қ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ филиалы
Қазақстан Республикасы, Павлодар қ-сы
(+7 71 82) 37-38-21

Шыныбай Дарига Ынршакбайкызы
Достық ст. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ филиалы

Қазақстан Республикасы
, Достық ст., Алибаев к-сі, 32

Филиал аппаратының қызметкерлері

«Қазақстандық салалық  теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «Әскерилендірілген темір жол күзеті» филиалының қызметкерлері



Ескенов Талгат Боранбайұлы
Төрағасы 
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Аспар к., 4/1 үй
тел.8 (71 72) 93-23-93

Нурписова Анара Исаевна
Бас есепші
Қазақстан Республикасы, Сарыарқа ауданы, Астана қ-сы, Аспар к-сі, 4/1
тел.8 (7172) 93-33-05 

Танкенов Әділбек Темірболатұлы
Құқықтық жұмысының және еңбек күзетінің бас сарапшы 
Қазақстан Республикасы, Сарыарқа ауданы, Астана қ-сы, Аспар к-сі, 4/1
тел.8 (7172) 93-33-05

Шушакова Гульсара Ермековна
Хатшы-референт  
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сарыарқа ауданы, Аспар к., 4/1 үй
тел.8 (7172) 93-33-05