Әлеуметтік саясат

 «Балауса болашақ» конкурсы

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ пен оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің балалары мен немерелерін әлеуметтік қолдау аясында Қоғамның орталық аппараты мен филиалдары қызметкердерінің балалары арасында «Балауса болашақ» балалар және жасөспірімдер суреттерінің конкурсы өткізілген болатын.

         Конкурсқа қатысу үшін Қоғамның орталық аппаратының персоналмен жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөліміне 53 сурет ұсынылды. Барлық сурет ағымдағы жылдың 1 маусымы күні Қоғам ғимаратының фойесіне жалпы шолу және бағалау үшін ілінді.

         Қоғамның орталық аппаратының қызметкерлері мен Қоғам кәсіподағының өкілдерінен құрылған комиссия ұсынылған суреттерді келесі жас ерекшеліктеріне қарай бағалады: 5 жасқа дейін, 6 жастан 8 жасқа дейін, 9 жастан 11 жасқа дейін, 12 жастан 14 жасқа дейін. 5 жасқа дейін және 6 жастан 8 жасқа дейінгілерге еркін тақырып, 9 жас және одан үлкендерге «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» деген тақырып берілген болатын.  

         Іріктеу қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ компания топтарының аясындағы конкурсқа қатысу үшін балалардың 14 суреті жолданды.

1.    2 жастан 5 жасқа дейінгі жас ерекшелігі номинациясы бойынша:

1)               бірінші орын – Нәби Оспан, 5 жаста (А.Л. Қамбарбекованың ұлы – Астана);

2)               екінші орын – Аида ертайқызы Төлеген, 6 жаста (Е.Т. Смағұловтың қызы – Астана).

2.    6 жастан 8 жасқа дейінгі жас ерекшелігі номинациясы бойынша:

1)               бірінші орын – Назар Тоқаев, 8 жаста (Б.Б. Тоқаевтың ұлы – Астана);

2)               екінші орын – Дамир Жүсіпов, 7 жаста (Д.К. Жүсіповтің ұлы – Астана);

3)               үшінші орын – Жандос Ермекұлы, 6 жаста (Р. Күлбайдың ұлы – Алматы);

4)               көрермендер көзайымы сыйлығы – Раушан Сағат, 6 жаста
                             (Ж.М. Жақыповтың қызы – Алматы).

3.    9 жастан 11 жасқа дейінгі жас ерекшелігі номинациясы бойынша:

1)               бірінші орын – Дильнас Байлина, 10 жаста (Ж.С. Байлиннің қызы – Атбасар);

2)               екінші орын – Еркебұлан Ерғалиев, 11 жаста (Т. Ерғалиевтің ұлы – Мақат станциясы);

3)               үшінші орын – Ерасыл Аманжанұлы, 9 жаста (А.Х. Сариевтің ұлы – Атырау);

4)               көрермендер көзайымы сыйлығы – Жаннұр Серікқали, 9 жаста
                             (С.Т. Мырзалдиевтың қызы – Атырау).

4.   12 жастан 14 жасқа дейінгі жас ерекшелігі номинациясы бойынша:

5)               бірінші орын – Аружан Әбілдина, 12 жаста (С.Ж. Әбілдиннің қызы – Павлодар);

6)               екінші орын – Елнұр Ермекбай, 12 жаста (Р. Күлбайдың қызы – Алматы);

7)               үшінші орын – Ілияс Рахметуллаев, 12 жаста (С.Р. Мұсалдиновтің ұлы – Атырау);

8)               көрермендер көзайымы сыйлығы – Бахтияр Әбуғали, 12 жаста                                                                                                         (А.А. Керімбековтің ұлы – Алматы).

         Қоғамның Астана қаласындағы филиалы кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып суреттер конкурсын ұйымдастырды, конкурс қорытындысы бойынша балаларға сыйлықтар үлестірілді, сондай-ақ кәсіподақ комитеті филиалдың есебінде тұрған мүгедек балаларға қайырымдылық көмек көрсетті. Патронатқа алынған баланың балалар лагеріне кетуіне байланысты балалар үйіне бару кейінге қалдырылды.

         Қоғамның ақтөбе қаласындағы филиалында аппарат қызметкерлерінің балаларымен дене шынықтыру және спорт сабақтары, Қазақстан Республикасының Бірінші президенті Н.Ә. Назарбаев атындағы саябақта спорттық іс-шаралары өткізілді.

         Қоғамның Достық станциясындағы филиалында қызметкерлерінің балаларына арналған «Бала деген бір бақыт» атты іс-шара аясында спорттық жарыстар, ойындар, тәттілермен шай ішу жүргізілді. Патронатқа алынған балаға бару ағымдағы жылдың 09 маусымына жоспарланған.

Қоғамның павлодар қаласындағы филиалында патронатқа алынған балаға барған кезде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сатып алынған ойыншықтар, футбол мен баскетбол доптары сыйланды.

Қоғамның Өскемен қаласындағы филиалында патронатқа алынған балаларды шақырып, филиал бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды, Исламның туылған күніне арналған мерекелік дастарқан жасалып, филиал аппараты мен кәсіподақ комитеті қызметкерлерінің атынан сыйлықтар ұсынылды. Мерекелік іс-шара қосымша көңіл көтеру бағдарламасы ұйымдастырылған «Металлург» демалыс саябағында жалғасын тапты.

Қоғамның Шымкент қаласындағы филиалында Шымкент қаласы және Қызылорда қаласы бойынша патронатқа алынған балаларға бару ұйымдастырылды. Сонымен қатар кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып балалар үйінің 30 тәрбиеленушісіне футболкалар, юбкалар, шортылар, футбол, баскетбол, волейбол доптары, түрлі ойыншықтар, тәттілер сатып алынды. «Қазақстан теміржолшысы» газетінің корреспонденті шақырылды.

Қоғамның «Атырау теміржол күзеті» филиалы кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып, балаларды «Ұрланған күн» театрландырылған қойылымы мен саябақтағы «Сафари парк» БСО ойын алаңына апаруды ұйымдастырды.

Қоғамның Қарағанды және Қостанай қалаларындағы филиалдары кәсіподақ комитеттерімен бірлесіп, патронатқа алынған балаларға барып, сыйлықтар үлестірді.

Қоғамның Алматы және Көкшетау қалаларындағы филиалдары патронатқа алынған балаларға олар балалар лагерінен келген соң баруды жоспарлап отыр.

         Суреттер көрмесі және конкурсқа ұсынылған барлық сурет Қоғамның веб-сайтында жарияланды және ынталандыру сыйлықтары берілді.

         Қоғам қызметкерлерінің конкурсқа қатысқан балаларының тізімі қоса берілді.

Безымянный-1.jpg Безымянный-2.jpg Безымянный-3.jpgБезымянный-4.jpg Безымянный-5.jpg Безымянный-6.jpgБезымянный-7.jpg Безымянный-8.jpg Безымянный-9.jpgБезымянный-10.jpg Безымянный-11.jpg Безымянный-12.jpgБезымянный-13.jpg Безымянный-14.jpg Безымянный-15.jpgБезымянный-16.jpg Безымянный-17.jpg Безымянный-18.jpgБезымянный-19.jpg Безымянный-20.jpg Безымянный-21.jpgБезымянный-22.jpg Безымянный-23.jpg Безымянный-24.jpgБезымянный-25.jpg Безымянный-26.jpg Безымянный-27.jpgБезымянный-28.jpg Безымянный-29.jpg Безымянный-30.jpgБезымянный-31.jpg Безымянный-32.jpg Безымянный-34.jpgБезымянный-33.jpg Безымянный-35.jpg Безымянный-36.jpgБезымянный-37.jpg Безымянный-38.jpg Безымянный-39.jpgБезымянный-40.jpg Безымянный-41.jpg Безымянный-42.jpgБезымянный-43.jpg Безымянный-44.jpg Безымянный-45.jpg

Іріктеу қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ компания топтарының аясындағы конкурсқа қатысу үшін балалардың 14 суреті жолданды:

 Безымянный-1.jpg Безымянный-2.jpg Безымянный-3.jpg Безымянный-4.jpg Безымянный-5.jpg Безымянный-6.jpgБезымянный-7.jpg Безымянный-10.jpg Безымянный-11.jpgБезымянный-8.jpg Безымянный-9.jpg Безымянный-12.jpgБезымянный-13.jpg Безымянный-14.jpg


«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы қызметкерлері балаларының жазғы демалысы ұйымдастырылды

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Қоғам қызметкерлерінің балаларына арнап жазғы сауықтыру демалысын жыл сайын жоспарлайды және балаларды сауықтыру кешендерінде ұйымдастырады.

Қоғам бойынша жалпы 7 – 13 жастар аралағындағы 390 бала жазғы сауықтыру демалысында болды, Қоғам қызметкерлерінің балаларына арналған жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру үшін әлеуметтік сипаттағы шығындар бюджетінен 18 289 100 (он сегіз миллион екі жүз сексен тоғыз мың бір жүз) теңге 00 тиын сомасы бөлінді.

Балаларды сауықтыру кешендеріне жолдамалар көбіне өндірістік персоналдың (күзетшілер), табысы аз және көпбалалы отбасылар санатына жататын қызметкерлердің балаларына үлестірілді.

Барлық демалыс орны орман ішінде, көлдер мен өзендер жағаларындағы тамаша жерлерде орналасқан.

Балалардың ата-аналары жазғы демалысты ұйымдастырғанымыз үшін риза болды. Балалардың айтуы бойынша барлығы ұнаған, тағамдар өте дәмді, тойымды, күн тәртібі қолайлы болған, уақыттарын қызықты өткізген. Демалыс кезінде бірнеше рет автобуспен және жаяу жүру экскурциясы, спорттық ойындар мен көркемдік конкурстар ұйымдастырылды және дискотекалар болып тұрды.

Тәрбиелеу жұмысы жоғары деңгейде жүргізілді. Балалар өздерінің жетекшілеріне дән риза, кейбірі әлі күнге дейін олармен хабарласып тұрады екен.

Барлық баланың денсаулығы нығайып, тамаша көңіл-күйде оралды.