Дене шынықтыру және спорт

 «Жылдам, биік, күшті!»

 

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ қызметкерлерін дене шынықтыру мен спорттың жүйелі сабақтарына жұмылдыру, саламатты өмір салтын бекіту және корпоративішілік жарыс рухына ынталандыру мақсаттарында 2017 жылдың 03 қарашасы мен 08 желтоқсаны аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне және «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-тың (бұдан әрі – «ӘТЖК» АҚ) құрылғанына 16 жыл толуына орай Спартакиада өткізілді.

         Спартакиада спорттың 9 түрі: волейбол, үстел теннисі, шахмат, Баскетбол, мини-футбол, атыс, боулинг, шыңға өрмелеу және бильярд бойынша өткізілді.

Жарыстар спорттың әртүрінен өткізілгеніне қарамастан, «бір деммен» өтті, әр қатысушы өзінің күші мен дағдысын өз командасына жұмсады.

Жарыстарға төрт құрама команда: «ӘТЖК» АҚ орталық аппаратынан екі команда, филиал аппаратының командасы және тексеріп қарау бөлімшелерінің командасы, барлығы 80 адамнан астам қызметкер қатысты.

         Жарыстардың қорытындылары бойынша орындар келесі жағдайда бөлінді:

         4-орын – тексеріп қарау бөлімшелерінің құрама командасы;

         3-орын – орталық аппараттың № 1 құрама командасы, құрамында: әскерилендірілген күзетті ұйымдастыру департаменті, күзет қызметінің көлемін мониторингілеу және кірісті есептеу тобы, дексеріп қарауды ұйымдастыру жөніндегі топ, құқықтық қамтамасыз ету департаменті және басқа;

2-орын – орталық аппараттың № 2 құрама командасы, құрамында: тауарлармен, жұмыс және қызмет түрлерімен қамтамасыз ету департаменті, бухгалтерлік және салық есебі департаменті, экономика және қаржы департаменті және басқа;

1-орын – «ӘТЖК» АҚ Астана қаласындағы филиалының құрама командасы, құрамында: филиалдың аппараты, «ҚТЖ» ҰК» АҚ әкімшілік ғимараттарын күзететін және Астана станциясындағы атқыштар командалары.

Ағымдағы жылдың 08 желтоқсаны күні Басқарма төрағасының персонал жөніндегі орынбасары Б.Қ. Қабдолдиннің қатысуымен командалардың өкілдеріне дипломдар мен кубоктар және жеке біріншілікте жүлделі орындарға ие болған қызметкерлерге грамоталар, медалдар және бағалы сыйлықтар  салтанатты түрде табысьалды.

Жыл сайын спорттық іс-шараларды өткізуге және бағалы сыйлықтарды, медалдарды және кубоктарды сатып алуға «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көліктері қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «Әскерилендірілген темір жол күзеті» филиалы көмек көрсететінін атап өткен жөн деп білеміз.

 

Жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын құттықпаймыз!

IMG_0120.JPGIMG_0834.JPGIMG_9843.JPGIMG_0750.JPGIMG_0967.JPGIMG_0869.JPG



«ӘТЖК» АҚ – Чемпион!

 Астана қаласында 2017 жылдың 18 қарашасы мен 09 желтоқсаны аралығында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы орталық аппаратының, филиалдарының және еншілес ұйымдарының қызметкерлері арасындаСпартакиада өткізілді.

Жарыстар спроттың бес түрі: волейбол, үстел теннисі, шахмат, баскетбол және мини-футбол бойынша өтті.

Спартакиадаға 22 команда, оның ішінде «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ (бұдан әрі – «ӘТЖК» АҚ) командасы қатысты.

2017 жылдың 18 қарашасында «Евразия» спорт кешенінде өткен  Спартакиаданың ашылу салтанатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ персонал жөніндегі вице-президентінің міндетін атқарушы Н.Б. Жапарқұл құттықтау сөзін сөйледі.

Осы күні Спартакиада волейболдан басталды, күні бойы «ӘТЖК» АҚ командасы топтық кезеңнен финалға дейін сенімді жылжып, қорытындысында екі рет жеңіске жетіп, «үштік» финалда спорттың аталған түрінен чемпион атанды.

Үстел теннисі мен шахматтан «ӘТЖК» АҚ командасы үздік командалардың бестігіне кірді, бірақ баскетбол ойынында жақсы ойын көрсете алмады да 9-орын алды, «ӘТЖК» АҚ командасы спорттың 4 түрінің нәтижелері бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-«Магистральдық желі дирекциясы» филиалының командасына көшбасшылық орынды беріп, жалпыкомандалық
2-орынды алды.

Спорттың шешуші түрі мини-футбол болды, біздің командамыз топтық кезеңнен шыққаннан кейін түйіспе матчтардан сенімді түрде өтіп, финалда «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» АҚ командасын 2 – 1 есебімен ұтып, мини-футбол бойынша чемпион болды, бұл жеңіс біздің командамыздың «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппаратының, филиалдарының және еншілес ұйымдарының қызметкерлері арасында өткен Спартакидада жалпыкомандалық І орынды алуға ықпал етті.

Сонымен қатар, дене шынықтыру және спортқа үгіттеу, өскелең ұрпақты спортпен белсенді түрде айналысатын ата-аналарын мысалға ала отырып, тәрбиелеу мақсаттарында 2017 жылдың 31 қазаны мен 01 қарашасы аралығында Астана қаласында республикамыздың барлық өңірінің теміржолшыларының отбасылары қатысқан «Әкем, анам және мен!» спорттық мерекесінің финалдық кезеңі өтті.

 «ӘТЖК» АҚ командасының атынан Нұрлан Қайкешовтің отбасы, яғни жұбайы Назерке мен қызы Аяулым қатысып, жарыстың екі күніндегі 14 түрлі эстафетада жоғары нәтижелер мен жаттыққан әдістер көрсетіп, қорытынды бойынша құрметті 1-орынды иеленді!  

Олардың жетістіктерін «ӘТЖК» АҚ Астана қаласындағы филиалының кәсіподақ комитеті ақшалай сыйақымен ынталандырылды.

 Жеңіс құтты болсын!!!

IMG_20180124_105459.jpg

IMG-20171119-WA0021.jpgIMG-20171126-WA0024.jpg

IMG-20171126-WA0075.jpgZHA_5101.JPG

ZHA_5134.JPG




«Шаңғы – 2017» сауықтыру-бұқаралық шаңғы тебу

     Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт лидері Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының «
Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады» деп басып айтылған «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» негізгі басымдықтардың бірін  жүзеге асыру мақсатында қызметкерлердің денсаулықтары мен дене дайындықтарын жақсарту үшін Қоғам қызметкерлерінің өз және қоршаған орта денсаулығы туралы қамқорлық қағидаттарына бағытталған өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерден бас тарту, әлеуметтік түрлі әрекеттердің алдын алу мақсаттарында Қоғам президенті М.А. Тұрарбеков «ӘТЖК» АҚ қызметкерлерінің саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.  

Жоспар бойынша Астана қаласының қалалық мәдениет және демалыс саябағының шаңғы-роллерлік трассасында 2017 жылдың 03 наурызы күні өткізілген «Шаңғы – 2017» сауықтыру-бұқаралық шаңғы тебу іс-шарасына  Қоғамның орталық аппараты мен Астана қаласындағы филиалының қызметкерлері қатысты.

Қоғамның орталық аппараты кәсіподақ комитетінің қолдауымен шаңғы теуіп келген қызметкерлерге ыстық шай ішу үшін дастархан ұйымдастырылды.

Белсенді демалыс пен спорт ағзаның тыныс алу, иммундық, жүрек-қан тамыр, ас қорыту, гормондық жүйелеріне оң әсерін тигізе отырып, адам денсаулығын нығайтатыны баршаға аян.

Белсенді демалыстың көне әрі атақты түрі шаңғы тебу, оның пайдасы бұрын дәлелденген. Біріншіден, таза ауа өкпеге жағымды әсер етеді. Екіншіден, бұл түрлі бұлшықеттердің ырғақты қозғалысы. Ал үшіншіден, шаңғы тебу деген табиғатпен тығыз байланысты, ағаш бұтақтарындағы қарға, қысқы қарға шағылысқан күнге қарап адам жаны демалады. Бұл да өте маңызды. Адамның ойы тыныштыққа бөленеді, қала көшелеріндегі шу ұмытылады және мұндай ғажайып қуанышты сезімдерді ешбір дәрі бере алмайды.

Шаңғы тебудің тағы бір маңызды сыры – ол дене мүсініне оң әсерін тигізеді. Спорттың бұл түрінің пайдасы айтарлықтай көрінеді, себебі бұл тек жаттығу ғана емес, сонымен қатар демалыс, денсаулық, сұлулық және сән.

 Баршаңызға мықты денсаулық тілейміз! 

  Кәсіби және дене шынықтыру жөніндегі топ.
ВЖДО лыжи 6.jpgВЖДО лыжи 3.jpg
ВЖДО лыжи 9.jpgВЖДО лыжи 10.jpg
ВЖДО лыжи 7.jpgВЖДО лыжи 8.jpg
ВЖДО лыжи 4.jpgВЖДО лыжи 5.jpg
ВЖДО лыжи 1.jpgВЖДО лыжи 2.jpg