Оқыту, біліктілікті көтеру

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы 2017 жылдың 03 – 12 мамыры аралығында қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында электр қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлеріне «Кәсіпорындағы электр қауіпсіздігі» тақырыбы бойынша оқыту өткізді.

         Оқыту Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Атырау қалаларында өткізілді.

         Оқытудан «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-тың 68 қызметкері өтті.

     Өткізілген оқыту қорытындысы бойынша қызметкерлер қорытынды тестілеуді сәтті тапсырып, белгіленген үлгідегі сертификаттар алды.

         Семинардың қатысушылары семинарды өткізу дайындығы мен сапасын жоғары бағалады.

IMG-20170613-WA0002.jpg


«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы 2017 жылдың 19 – 28 сәуірі аралығында қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы талаптарды сақтауға жауапты қызметкерлеріне «Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбы бойынша оқыту өткізді.

         Оқыту Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Атырау қалаларында өткізілді.

         Оқытудан «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-тың 108 қызметкері өтті.

     Өткізілген оқыту қорытындысы бойынша қызметкерлер қорытынды тестілеуді сәтті тапсырып, белгіленген үлгідегі сертификаттар алды.

         Семинардың қатысушылары семинарды өткізу дайындығы мен сапасын жоғары бағалады.

IMG-20170608-WA0002.jpg


«ӘТЖК» АҚ кадр қызметі қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ қызметкерлерінің біліктіліктерін артттырудың 2015 жылға арналған жоспарына сәйкес 
2015 жылдың 28 – 30 қыркүйегі аралығында Шымкент қаласында «Қауіпсіз еңбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қоғамның кадр қызметі қызметкерлеріне арнап «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгертулер мен толықтыруларды ескеру» тақырыбында біліктіліктерін арттыруды оқытты.

«ӘТЖК» АҚ-тың 11 филиалының персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімдерінің (секторлардың) бастықтары, орталық аппараттың персоналмен жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімнің бастығы, бас маманы оқыды.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің өзгертулер мен толықтырулар енгізілген баптарына анализ жасалып, тәжірибелік мысалдар қарастырылып, жағдаяттар талқыланды.

Аталған семинарға қатысу еңбек қарым-қатынастардың құқықтық нормаларын реттеуді одан әрі тереңірек үйренуге мүмкіндік берді. Семинар қатысушылары өздерінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау кезінде пайдалануда өздерінің теориялық және тәжірибелік білімдерін, ынталары мен дағдыларын жаңартты.

Барлық қатысушы семинардың өткізілу деңгейін жоғары бағалады.

Семинар соңында курс қорытындысы шығып сертификаттар табысталды.


Қызметкерлердің біліктілігін арттыру туралы ақпарат

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ филиалдары атқыштар командалары басшыларының білім деңгейлері мен біліктіліктерін арттыру мақсатында Қоғам қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың 2015 жылға арналған жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметін арнайы қамтамасыз ету орталығы» ақционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Қоғам филиалдары атқыштар командаларының 140 басшысы – директорлардың орынбасарлары-атқыштар командаларының бастықтары, атқыштар командаларының бастықтары, атқыштар командалары бастықтарының орынбасарлары, топ бастықтары, шұғыл әрекет ететін оңтайлы топ бастықтары және кадрлық резервте тұрған қызметкерлері біліктіліктерін арттырды.

Білім алушылар 25-30 адамнан тұратын 5 топқа бөлініп, 40 оқу сағаттық (бес жұмыс күні) курстан өтті. Біліктілігін арттыруға қатысқан әрбір қызметкер емтихан мен сынақтарды үздік және жақсы бағаларға тапсырып, өздерінің білімдерін растады. Оқу нәтижесінде қызметкерлер мемлекеттік үлгідегі сертификаттар алды.


«ӘТЖК» АҚ-та еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға байланысты оқытуды және насихаттауды жетілдіру бойынша іс-шаралар

«ӘТЖК» АҚ-та еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға жауапты лауазымдық тұлғалардың кәсіби қабілеттерін арттыру үшін 2014 жылдың ақпан айында «Кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбы бойынша оқыту сабақтары (10 филиалдан 105 адам) ұйымдастырылып өткізілді және тыңдаушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1225 Қаулысының талаптарына сай сертификаттар табысталды.  

Директорлардың орынбасарлары мен ЕҚ және ЕҚ жөніндегі мамандардың алған білімдерін бекіту, практикада пайдаланулары үшін филиалдарға нормативтік-құқықтық сипаттағы материалдарды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды регламенттейтін құжаттар жинақтары жолданды.

Олар бойынша қолданылған шаралар тек еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайына ғана оң әсерін беріп қоймай, сондай-ақ әр түрлі дәрежедегі жетекшілердің аталған мәселеге деген қызығушылықтарының деңгейін арттырды.

Филиалдар мен атқыштар командалары әдістемелік әдебиеттер жинақтарымен, көрнекі материалдармен қамтамасыз етілді, аталған материалдар еңбекті қорғау бойынша арнайы стенділерді, бөлмелерді және бұрыштарды безендіруге пайдаланылды, бұл персоналдың білім алу тиімділігінің деңгейлерін және нұсқамалардың сапасын арттырады.


ISO 9001 САПА ЖӘНЕ OHSAS 18001 ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАЛАРЫНЫҢ САЯСАТЫ

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы ұйымның тұрақты қызметін қамтамасыз етудің, өз қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңыздылығы мен жауапкершілігін сезіне отырып, төменде жазылғандарға бағытталған ISO 9001 сапа және OHSAS 18001 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау салаларының cаясатын белгілейді.

сапа саласы бойынша:

1) тұтынушылардың талаптары мен қанағатанушылық деңгейіне жүйелі түрде талдау жасау, көрсетілетін күзет қызметінің сапасын арттыру;

2) күзет қызметін тұтынушылар мен жеткізушілер арасындағы өзара тиімді серіктестік қарым-қатынастарды дамыту;

3) прогрессивтік әдістерді, технологияларды енгізу, көрсетілетін күзет қызметі процессетерін жетілдіріру. 

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласы бойынша: 

1) еңбекті қорғау саласы бойынша тәуекелдерді басқару, маңызды тәуекелдерді анықтау және олардың алдын алу және жою мақсатында және іс-шараларды әзіреу бойынша жұмыстарды жүргізу;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқықтық актілерінің талаптарын орындау;

3) күзетшілерді арнайы киіммен және аяқкиіммен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;

4) жұмыс орындарында жайлы жағдайлар жасау;

5) қызметкерлердің қауіпсіздік деңгейін заманауи жабдық түрлерін, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып жетілдіру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы озат тәжірибелерді енгізу;

6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мамандардың біліктілігін арттыру;

7) қолданыстағы барлық және жаңадан енгізілетін процестерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мәселелерді енгізу;

8) басшылар мен орындаушылардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жеке жауапкершіліктерін белгілеу. 

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының басшылығы Саясатты төменде аталған: 

1) ISО 9001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес менежменттің интегралданған жүйесін үнемі жетілдіру, ресурстармен қамтамасыз ету;

2) ұйымдастыру құрылымын және әр қызметкердің сапа, өз жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау үшін жеке қызығушылығын және жауапкершілігін арттыратын әдістерді жетілдіру;

3) персоналды жұмысқа ынталандыру және уәждеу, персоналдың өз еңбек міндеттерін қолданыстағы стандарттар мен нормаларға сәйкес орындауын қамтамасыз ету;

4) қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін ашуға, олардың сапа және еңбек қауіпсіздігі пен еңбекті қорғау мәселелерін шешуде белсенді қатысуға көмектесетін жағдайлар жасау жолдарымен жүзеге асыруға жауапты болады. 


Менеджменттің интегралданған жүйесі туралы ақпарат 

«Әскерлендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамында (бұдан әрі –ҚоғамИСО 9001 сапа менеджменті жүйесі мен OHSAS 18001 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесін біріктіріп, нақты әрекет ететін менджменттің интегралданған жүйесі құрылған.

Қоғам қызметінде міндетті құжаттандырылған процедуралар әзірленген, енгізілген және қолданыста, ұсынылатын қызметтің сапасын, сондай-ақ алға қойылған міндеттерге жету үшін жүзеге асырылатын процестерді жақсартуға бағытталған жыл сайынғы Мақсаттарды қоюда негіз болып табылатын әр жыл сайын жоғарғы басшылық жаңартып отыратын менеджменттің интегралданған жүйесі саласындағы Саясат айқындалған.

2013 жылғы желтоқсанда TQCSI (Kazakhstan) сертификациялау органы өткізген инспекциялық аудит Қоғамның Менеджмент жүйесінің әзірленгенін, құжаттандырылғанын, өз қызметін сәтті атқарып жатқанын, жақсарып келе жатқанын тағы да көрсетті және біздің ұйым ISO 9001:2008 и OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарға сәйкестік сертификаттарын сақтап қалуға ұсынылды.

Нарықтық экономика жағдайларында менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестік сертификаттардың бар болуы Қоғамға бірқатар бәсекелестік басымдылықты береді және Қоғамды   өз қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласы бойынша тәуекелдерді басқара алатын және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын орындайтын жағдайларды тудырушы ұйым ретінде танытады.


«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы қызметкерлері қазақ тілін үйренуді жалғастыруда

Жолдауда Елбасы бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі ел бірлігі мен тілге баса назар аударды. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». Бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің арқасы. Сондай-ақ, Елбасы Жолдауда қазақ тілінің бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналғанын атап өтті.

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) еліміздің тіл саясатын қолдай отыра, Қоғам қызметкерлеріне қазақ тілі сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр. Сабақтарды бастамастан бұрын қызметкерлердің қазақ тілін білу деңгейін анықтап алу үшін Астана қаласындағы «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК (бұдан әрі – ҚАЗТЕСТ жүйесі) қызметкерлерін арнайы шақырып, 2014 жылдың 12-14 ақпаны аралығында Қоғам қызметкерлері арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша байқау сынағын өткізді. Персоналдарды оқыту ағымдағы жылдың сәуір айынан басталады деп жоспарлануда.