Бос қызметтер

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У!!!

«Әскерилендірілген темір жол күзеті»  акционерлік қоғамы  «ӘТЖК» АҚ Астана қаласындағы филиалының тексеріп қарауды ұйымдастыру бөлімшесі инспекторларының  103 бос жұмыс орнына байқау жариялайды.

Қызметтік міндеттері:

1.    Тексеріп қарау пунктіне орнатылған техникалық құралдарды сауатты пайдалану, рентгендік-телевизиялық интроскоп мониторларындағы бейнелерді тану, қолға ұстайтын және нысандық металл тапқыш,  қауіпті және зиянды заттарды анықтайтын басқа да құрылғылардың анықтаған қауіпті заттар мен құралдар туралы белгілеріне уақтылы әрекет ету;

2.                  Жүктер мен қол жүктерін қолмен тексеру әдістерін білу, тексеріп қарау кезінде

техникалық тұрмыстық заттар мен жабдықтарды қолдану білу және қауіпті немесе зиянды заттарды анықтау.

3.    Жеке тексеріп қарауды жүргізе білу, заңсыз әрекеттерге әкеліп соқтыратын  алып жүруге тыйым салынған заттарды құқық қорғау ұйымдарының қызметкерлерімен бірлесіп ресімдеу және алып қою.

4.    Тексеріп қараудың техникалық құралдарын пайдалану ережесін және негізгі

сипаттамаларын білу.

5.    Вокзалдың аралас қызметтермен өзара әрекеттесу тәртібін  білу және заңсыз әрекеттер қаупі туған кезде немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде әрекет ете білу.

6.    Жолаушылар мен келушілерді, қызмет көрсететін персоналды, жүктер мен қол жүктерін тексеріп қарау.

Біліктілік  талаптары:

Білімі – жоғары немесе арнайы жоғары;

Сала бойынша мамандығы: көлік, көлік техникасы және технологиясы, тасымалдауды, көлік қозғалысы мен пайдалануды ұйымдастыру, құқықтану,халықаралық құқық, әскери іс және қауіпсіздік, құқық қорғау қызметі.

«Көлік инфрақұрылымының объектілеріндегі тексеріп қарау» бағдарламасы бойынша білімі туралы сертификаттың міндетті түрде болуы;

Жұмыс өтілінің 1 жылдан кем болмауы шарт 

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Аспара көшесі, 4/2

Іріктеу байқауы туралы толық ақпаратты мына байланыс телефоны арқылы алуға болады: 8(7172) 93-26-09

 

Қызметкерлердің түйіндемесі 2018 жылдың 08 қаңтарынан 17 қаңтарына дейін Zhadi_05-89@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша  қабылданады.

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының персоналмен жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімі біздің корпоративтік сайттың «Бос жұмыс орындары» бөлімінде барлық ізденушіні қарсы алады және мынадай бағыттар бойынша білікті, белсенді, дарынды және бастамашыл мамандар қатарынан сыртқы үміткерлерді кадрлық резервке енгізуге әрқашанда дайын екенін қуана хабарлайды:

  • күзет қызметі

  • көлік логистикасы

  • экономика

  • қаржы

  • заңгерлік

  • тәуекелдерді басқару

  • маркетинг

  • IT-технология

  • жабдықтау/ қамта қорғау

  • Құрылыс

  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Егер Сіз білімді, білікті, креативті, қуатты, идеяларға бай болсаңыз және:
жауапкершілік, парасаттылық, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, аналитикалық ойлау, командада жұмыс істей алу, өзін-өзі жетілдіру және дамыту, аз уақыт ішінде ауқымды ақпарат қабылдау қабілеті, ауызша және жазбаша қарым-қатынас, компьютерді жетік пайдаланушы,
деңгейінде білу дағдылары мен қасиеттеріне ие болсаңыз, онда Сіз мына электрондық мекенжайға түйіндеме жолдай аласыз: infovjdo.kz@gmail.com
 
Сондай-ақ, барлық алынған, ақпарат құпия болып саналады және жариялауға немесе Сіздің келісіміңізсіз үшінші тарапқа берілмейді.
Маңызды, ақпарат!