Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді қазақстандықтардың ең ұлы әрі ең қастерлі мейрамы — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймыз!

Бұл күн — біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қасиетті күн, ғасырлар бойы азаттық аңсаған халқымыздың өшкені жанып, асқақ арманы орындалған күн.

Бұл мереке шын мәнінде мемлекетіміздің еркіндігі мен күш-қуатының нышаны болып есептеледі.

Тәуелсіздік жылдары ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз толағай табыстарға жетті. Қоғамдағы тұрақтылықпен, өзара түсіністікпен және зор жауапкершілікпен жүзеге асырылған сыртқы саясат республикамыздың ғаламдық деңгейдегі беделін өсірді.

Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.

Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін!

 

Нұр-Сұлтан қаласы,

2020 жылдың 16 желтоқсаны

Scroll to Top