Стратегиясы

Дамудың осы стратегиялық аспектілері шеңберінде Қоғамның қазіргі жағдайын ескере отырып, келесі негізгі екі стратегиялық аспект белгіленген:

Меншік қаржының ең жоғары ресурсын өндірістік-экономикалық қызметті дамыту және тиімділігін арттыру үшін қалыптастырудың жағымды жағдайларын енгізу (Қызметтің қаржы-өндірістік тиімділігін арттыру). Бизнес процестерді, заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық шешімдерді автоматтандыруды және технологиялық процестерді жақсартуды енгізу арқылы ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру (Бизнес процестерді жетілдіру). Стратегиялық мақсат: кірістерді көбейту мен шығыстарды оңтайландыру арасындағы оңтайлы теңгерімді белгілеу арқылы меншік қаржы ресурстарының өсуін қамтамасыз ету.

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі стратегиялық міндеттер шешілетін болады:

  • Мемлекеттік органдармен:
– «үшінші тұлғаға» күзет қызметін көрсетуді шектеуді алып тастау; – теміржол көлігі объектілерінің күзетін ұйымдастырудың бірыңғай жол табу қағидаларын бекіту; – міндетті түрде әскерилендірілген күзет қарамағында болуы тиіс теміржол көлігінің объектілер тізбесін бекіту.
  • Объектілерді – порттар мен вокзалдарды күзету бойынша қызметтер көрсету (оның ішінде тексеріп қарау жұмыстарына жүргізу) арқылы клиент базасын кеңейту.
  • Теміржол көлігімен тасымалдау кезінде жүктерді күзету бойынша қызметтердің көлемін жүк теміржол тасымалдар көлемін өсіру арқылы көбейтуді қамтамасыз ету.
  • Өндірістік және әкімшілік шығындарды қызметтерді үздіксіз және сапалы көрсету үшін жеткілікті деңгейге дейін түзетудің уақтылы жүргізілуін жүзеге асыру.
  • Өндірістік персоналдың нақты санын тұрақты түрде мониторингілеуді жүзеге асыру (бос жұмыс орындарына жұмысқа қабылдауға рұқсат беру/тыйым салу).
Бизнес-процестерді автоматтандыруды, заманауи техникалық құралдарды, және ақпараттық шешімдерді енгізе отырып, ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру және технологиялық процестерді жақсарту (бизнес-процестерді жетілдіру). Стратегиялық мақсат: Техникалық процестердің заманауи техникалық құралдарды,  бағдарламалық өнімді,  жоғары деңгейлі ақпараттық технологияларды  инновациялық жабдықтау деңгейіне сәйкес келуін қамтамасыз ету. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі стратегиялық міндеттер шешілетін болады:
  • Алтынкөл – Сарыағаш, Алтынкөл – Алматы маршруттары бойынша құнды жүктер тиелген контейнерлерді күзету процесіне «Watchlock» электрондық пломбалау құрылғыларын қолдану жобасын енгізу.
  • «Күзетілетін вагондарды есепке алудың автоматтандырылған жүйесі» жобасын енгізу.
  • Қоғамның Павлодар қаласындағы филиалының әкімшілік-қызметтік  ғимаратын қайта қалпына келтіру.
  •  Технологиялық автокөліктерді, ұйымдастыру техникаларын қосымша сатып алу.
  • Күзетшілерді күзет жұмыстарын жүзеге асыру процесінде фото-бейне тіркеу процедураларының заманауи арнайы техникалық құралдары  мен санды радиостанциялармен жабдықтау.

2017 жылға арналған мақсатты мәндері көрсетілген, қызметтің негізгі көрсеткіштерінің карталарына сәйкес:

  • Күзетілетін теміржол көлігінің стационарлық объектілерінен материалдық құндылықтардың ұрлану жағдайларының санын 1%-ға азайту
  • Қазақстан Республикасының аумағы бойынша күзетпен қамтамасыз ету кезінде жүк тиелген вагондарға жасалған, коммерциялық ақаулық анықталуы туралы жалпы формадағы актілер санын өткен жылға қарағанда 2 %-ға азайту.
Әр стратегиялық бағыт бойынша қалыптасқан мақсаттарға қол жеткізу бойынша аталған міндеттерді орындау үшін нормативтік, ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық-технологиялық іс-шаралар әзірленген және Даму стратегиясын жүзеге асыру бағдарламасы жасалған.
Scroll to Top