Садвокасова Бибіжан Шармановна
Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
Б.Ш. Садвокасова, 1964 жылы туылған, білімі жоғары, 1986 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «қаржы және несие» мамандығы бойынша үздік бітірген, біліктілігі – экономист. 1986 жылдан 2001 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Булаево қаласы және Целиноград (Нұр-Сұлтан) қаласының фискалдық және қаржы органдарында түрлі басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
2001 жылдан бастап «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамы мен оның еншілес ұйымдарының экономикалық, инвестициялық және қаржылық қызметтерінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды.
2019 – 2021 жылдары «ӘТЖК» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
2021 жылдан 2022 жылға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ МЦФО филиалының біріктірілген жоспарлау жүйесінің артықшылықтарын есептеу және мониторингі бойынша бас менеджері.
2022 жылғы 29 сәуірден бастап «Әскерилендірілген темір жол күзеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.