Астапов А. В.
Астапов Александр Васильевич
Жоғары атқарушылығымен ерекшеленеді, сонымен 2016 жылғы 17 қарашада Қырқыншы станциясы учаскесінің ОП-42 жол айрығында орналасқан Есіл өзені арқылы өтетін теміржол көпірін күзету бойынша кезекшілікте болған кезде сағат 08.30-да көпірді тексеру барысында 526 шақырымдағы жұп көпір бойыншапикетінің оң жақ бесінші жолы түйіспесінің 20 см-ге ажырағанын байқап,алып жүретін қызыл белгіні қойып, бұл туралы ауысым тобының аға күзетшісі Н.С. асыбаевқа, станция бойынша кезекші (ДСП) Н. Сахановқа және УПЧ-24 (ПД-42) жол мастері А.Р. Дүйсекеевке хабарлағандықтан теміржол көлігінің жолдан шығып кетуінің алдын алған.
Александр Васильевич Астапов жұмыс істеген уақытында теміржол көлігінің қауіпсіздігін, азаматтардың өмірлері мен денсаулықтарын қорғауды қамтамасыз етуде жеткен жетістіктері және қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған, бірнеше рет ведомстволық грамоталармен, алғыс хаттармен ынталандырылып, оның ішінде Қазақстан Республикасының Күзет ұйымдары қауымдастығының грамотасымен марапатталған.