Логотип - «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС
жауапкершілігі шектеулі серіктестігіӘскерилендірілген темір жол күзеті
Қабылдау: +7 (7172) 93-22-44
Ауызша өтініштерді қабылдау телефоны: +7 (7172) 93-33-12
Бөлімдегі электрондық пошта мекенжайларының тізімі: Корпоративтік пошта

Ақмола филиалында Балаларды қорғау күні мен Теміржолшылар кәсіподағының 30 жылдығын мерекелеу

21.06.2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа жылдық Жолдауында 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз екенін атап өтті.

Ақмола филиалында Балаларды қорғау күні мен Теміржолшылар кәсіподағының 30 жылдығын мерекелеу

Ақмола филиалында Балаларды қорғау күні мен Теміржолшылар кәсіподағының 30 жылдығын мерекелеу

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Ақмола филиалының қызметкерлері балалардың дамуы мен тәрбиесіне өз үлестерін қосты.

Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге орай 2022 жылғы маусым айында Кәсіподақ комитеті Ақмола филиалының әкімшілік-басқарушылық аппаратымен бірлесе отырып, филиалдың атқыштар командалары мен топтары қызметкерлерінің балалары арасында Көркемөнерпаздар байқауы мен балалар суретінің «онлайн» форматындағы конкурсын ұйымдастырды.

Балалар байқауы – жас қатысушылар мен олардың ата-аналары үшін әрқашан ерекше оқиға. Шын мәнінде, бұл балалардың шығармашылығы көрінетін және тыңдалатын ерекше алаң!

Дайындықтың және байқауға қатысудың арқасында балалар өздерінің мақсаттарына, табысқа қол жеткізе, өздерін жақсы жағынан көрсете алады.

Ал біздің жас қатысушыларымыз сыйлықсыз қалған жоқ, Ақмола филиалының кәсіподақ комитетінің төрайымы Надежда Ивановна Горбылева барлық балаларға арнайы дипломдар мен ынталандыру сыйлықтарын әзірлеп,

 

Сонымен қатар, Теміржолшылар кәсіподағының 30 жылдығына орай Ақмола филиалының қызметкерлері арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды, олардың негізгі мақсаты дене шынықтыру мен спортты енгізу және дамыту, қызметкерлердің денсаулығын нығайту және аурушаңдығын төмендету болды.

 

Жарыс 2022 жылғы 08 маусымда Көкшетау қаласында келесі спорт түрлері бойынша өтті:

 

Мини-футбол

  • 1-орынды Астана өңірі бөлімшелерінің құрама командасы,
  • 2-орынды Көкшетау өңірі бөлімшелерінің құрама командасы,
  • 3-орынды филиал аппаратының құрама командасы иеленді

Үстел теннисі

  • 1-орынды Нұр-Сұлтан станциясындағы атқыштар командасының күзетшісі Қ.Т. Омаров,
  • 2-орынды Петропавл станциясындағы атқыштар тобының бастығы В. В. Буренин,
  • 3-орынды Жаңаесіл станциясындағы атқаштар командасының бастығы Е.И.Ргебаев иеленді;

Белтемірге тартылу

  • 1-орынды Нұр-Сұлтан станциясындағы атқыштар командасының күзетшісі М.К. Хамзин,
  • 2-орынды Бурабай курорты станциясындағы атқаштар командасының бастығы К.С. Садубаев,
  • 3-орынды Жаңаесіл станциясындағы атқаштар командасының күзетшісі С.И.Васильев иеленді);

Арқан тарту

  • 1-орынды Көкшетау өңірі бөлімшелерінің құрама командасы,
  • 2-орынды Астана өңірі бөлімшелерінің құрама командасы,
  • 3-орынды филиал аппаратының құрама командасы иеленді.

Ақмола филиалының кәсіподақ комитетінің төрайымы Н.И. Горбылева жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне грамоталар, медальдар мен кубоктар табыс етті. Ақмола филиалында жыл сайынғы сауықтыру іс-шараларын өткізу жақсы дәстүрге айналды!