Әскерилендірілген темір жол күзетіжауапкершілігі шектеулі серіктестігі
қабылдау
ауызша өтініштер
Вернуться назад

Кұшыбаев Дәурен Жандарбекұлы

Кұшыбаев Дәурен Жандарбекұлы - «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС

Дәурен Жандарбекұлы Құшыбаев – Бас директордың қызмет жөніндегі орынбасары
Д.Ж. Кұшыбаев, 1980 жылы туылған, білімі жоғары, 2013 жылы Д. Қонаев атындағы гуманитарлық көлік және құқық университетін тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану мамандығы бойынша тәмамдаған. 
Д.Ж. Құшыбаев еңбек жолын 2001 жылы «ДГП-СВСО» жасағы Алматы филиалының Достық станциясындағы атқыштар бригадасының жүктерін күзететін атқышы, кейін «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ААҚ Алматы қаласындағы филиалы Достық станциясындағы атқыштар бригадасының жүктерді ілеспе күзететін күзетшісі болып бастады. 
2003 – 2008 жылдары «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Алматы қаласындағы филиалы «Достық» станциясындағы атқыштар тобының бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Достық станциясындағы филиалы Достық станциясындағы атқыштар тобының бастығы, әскери және кәсіби даярлық жөніндегі жетекші инженері қызметтерін атқарды. 
2008 – 2013 жылдары - «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Алматы қаласындағы филиалы күзет қызметін ұйымдастыру бөлімінің 1-санатты инженер-маманы, әскерилендірілген күзетті ұйымдастыру бөлімінің бастығы, филиал директорының көмекшісі, филиал директорының орынбасары. 
2013 – 2018 жылдары - «Ақжол Секьюрити» ЖШС аймақтық менеджері, жүктерді бақылау қызметінің басшысы, атқарушы директоры, директордың орынбасары. 
2018 – 2019 жылдары – «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Алматы қаласындағы филиалының 1-санатты маманы, Әскерилендірілген күзетті ұйымдастыру бөлімінің бастығы, директорының орынбасары. 
2019 – 2022 жылдары «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Әскерилендірілген күзетті ұйымдастыру департаментінің директоры. 2022 жылғы 29 шілдеден бастап «Әскерилендірілген темір жол күзеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының қызмет жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 
2023 жылы «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Әскерилендірілген күзетті ұйымдастыру департаментінің директоры лауазымына ауыстырылды.

2024 жылдан бастап «Әскерилендірілген темір жол күзеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының қызмет жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 

© 2024, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС
Әрлем мен дамыту — Pavlenko.kz
Әскерилендірілген темір жол күзетіжауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Заказать консультацию
Оставьте ваши данные и мы свяжемся с вами как можно скорее
Нажимая на кнопку отправить вы соглашаетесь на обработку персональных данных