Логотип - АҚ «Әскерилендірілген темір жол күзеті»
Aкционерлік ҚоғамыӘскерилендірілген темір жол күзеті
Қабылдау: +7 (7172) 93-22-44
Ауызша өтініштерді қабылдау телефоны: +7 (7172) 93-33-12
Электрондық пошта: info@vjdo.kz

Сеилова Р. В.

Сеилова Розалия Васильевна

1962 жылы 10 маусымда Солтүстік-Қазақстан облысының Петропавл қаласында дүниеге келген, тұрмыста, екі баланың анасы.

Көкшетаудың кооперативтік техникумын тауартану мамандығы бойынша, кейін Көкшетау университетін экономика және қаржы мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1981 жылы Қара-Қоға райпотребсоюзында тауартанушы болып бастап, 1991 жылға дейін сауда-саттық саласында жұмыс істеген.

1994 жылы «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Көкшетау қаласындағы филиалына кассир болып қабылданып, кейін бухгалтер лауазымына тағайындалған.

2005 жылы Көкшетау филиалының кәсіподақ ұйымы төрағасының босаған орнына сайланған.

2005 жылғы қазаннан 2007 жылғы қазанға дейін Қоғамның орталық аппаратында бас маман, жиынтық теңгерім және бухгалтерлік есеп секторының бастығы болып қызмет атқарған.

2007 жылғы қарашадан 2010 жылғы қарашаға дейін «Фармаком» ЖШС-да бас бухгалтер болып жұмыс істеді.

2011 жылғы ақпаннан 2013 жылғы сәуірге дейін «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ орталық аппаратында бас маман, жиынтық теңгерім және бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған.

2013 жылғы мамырдан 2016 жылғы сәуірге дейін «ӘТЖК» АҚ бас бухгалтері.

2016 жылғы мамырда «ӘТЖК» АҚ бас бухгалтері-бухгалтерлік, салық есебі және қаржы департаментінің директоры лауазымына тағайындалған.

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ орталық аппараты құрылымының өзгеруіне байланысты «ӘТЖК» АҚ президентінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 104-ж/қ бұйрығымен бас бухгалтер-бухгалтерлік және салық есебі департаментінің директоры болып ауыстырылған.