Логотип - «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС
жауапкершілігі шектеулі серіктестігіӘскерилендірілген темір жол күзеті
Қабылдау: +7 (7172) 93-22-44
Ауызша өтініштерді қабылдау телефоны: +7 (7172) 93-33-12
Бөлімдегі электрондық пошта мекенжайларының тізімі: Корпоративтік пошта

Сулейменов Е. С.

    Ермек Сейітжапарұлы Сүлейменов

    «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС ұйымдастыру-бақылау департаментінің директоры.

    Е.С. Сүлейменов, 1971 жылы туылған, білімі – жоғары, 2006 жылы
    Д.А. Қонаев атындағы университетті заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Е.С. Сүлейменов еңбек жолын 1989 жылы «Балқашмыс» өндірістік бірлестігі материалдық-техникалық қамтамасыз ету цехының слесары болып бастаған, кейін Балқаш мердігерлік мамандандырылған жөндеу-құрылыс учаскесінің жүргізушісі болып жұмыс істеген.

    1993 – 2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер минстрлігінде, оның ішінде рота командирінің орынбасары, әкімшілік практика бөлімінің бастығы, іздестіру бөлімінің, Әкімшілік полиция комитеті бөлімінің басқарушы лауазымдарын атқарған.

    2021 жылдың наурыз айында «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Ақмола филиалы директорының орынбасары болып қабылданған.

    2021 жылдың 03 маусымында «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС ұйымдастыру-бақылау департаментінің директоры болып тағайындалды.