Әскерилендірілген темір жол күзетіжауапкершілігі шектеулі серіктестігі
қабылдау
ауызша өтініштер
Вернуться назад

Тәуекелдерді басқару

Қоғамдағы тәуекелдерді басқару жүйесі Қоғамның тәуекелдерін уақтылы сәйкестендіруге және құны мен беделіне кері әсерін тигізуі мүмкін тәуекелдерді төмендету бойынша шаралар қабылдауға бағытталған Қоғамның корпоративтік басқару жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады.

Қоғамда тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу қажетті инфрақұрылым мен тәуекелдерді басқару мәдениетін орнату және дамытуды қарастырып, шығындардың алдын алу және пайданы арттыру мақсатында Қоғамның қызметі немесе процесінің барлық бағыттарына тиесілі сәйкестендірудің логикалық әдістерін жүйелі түрде қолдану мен тәуекелдерді басқаруды талдау және бағалау, мониторингілеуді және бақылауды қамтиды.

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы тәуекелдерді басқарудың маңыздылығын Қоғамның тәуекелдерін уақтылы сәйкестендіруге және құны мен беделіне кері әсерін тигізуі мүмкін тәуекелдерді төмендету бойынша шаралар қабылдауға бағытталған басқарудың негізгі бөлігі деп біледі.

Қоғамның тәуекелдерді басқару саясаты «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарының тәуекелдерді басқару корпоративтік жүйесі концепциясына және Қоғамның қызметін реттейтін басқа да нормативтік актілерге сәйкес әзірленген.

Қоғамда тәуекелдерді басқару тұрақты, жүйелі және суретте көрсетілген схемаға сәйкес бөліктерден тұратын үздіксіз процес болып табылады.

Сурет – Қоғамдағы тәуекелдерді басқару процесі

Қоғамдағы тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесінің құрылымына Қоғамның келесі органдары мен бөлімшелерінің: Директорлар кеңесі, Президенті, Тәуекелдер жөніндегі комитеті, тәуекелдерді басқаруға жауапты тұлғасы және өзге де құрылымдық бөлімшелері жұмылдырылған, бірнеше деңгейлі тәуекелдерді басқару берілген. 

Тәуекелдерді басқарудың негізгі халықаралық стандарттарына сәйкес Қоғам тәуекелдердің ең көп спектрін анықтау, айналадаға тәуекелдер туралы хабардар болуды арттыру және ұйымның тәуекелдерді басқару мәдениетін дамытуды ынталандыру мақсаттарында барлық құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің қатысуымен тәуекелдерді сәйкестендіруді тұрақты түрде жүргізеді.

Тәуекелдерді сәйкестіндіру үшін алға қойылған мақсаттар мен міндеттер, салалық және халықаралық салыстыру, семинарлар мен талқылаулар, интервью беру және басқа да Қоғамның Тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау қағидасында толық сипатталған орын алған шығындардың мәліметтер базасы негізінде тәуекелдерді басқару сияқты түрлі әдістемелер мен құралдардың комбинациясы қолданылады.

Сәйкестендірілген оқиғалар мен тәуекелдер тәуекелдер тізілімі формасында жүйелендіріледі (Қосымша). Қоғамның Тәуекелдер тізілімі Қоғамның өз қызметінде кездестірген тәуекелдер тізбесінен, жүзеге асырылуы мүмкін тәуекелдердің түрлі сценарийлерінен тұрады. Әр тәуекел бойынша тәуекелдер иесі, яғни өзінің функционалдық міндетіне сәйкес осы тәуекелмен жұмыс істейтін құрылымдық бөлімше белгіленген. Тәуекелдер тізілімін Қоғамның құрылымдық бөлімшелері жаңа тәуекелдердің анықталуы бойынша тұрақты түрде толықтырып отырады.

© 2024, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС
Әрлем мен дамыту — Pavlenko.kz
Әскерилендірілген темір жол күзетіжауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Заказать консультацию
Оставьте ваши данные и мы свяжемся с вами как можно скорее
Нажимая на кнопку отправить вы соглашаетесь на обработку персональных данных