Логотип - АҚ «Әскерилендірілген темір жол күзеті»
Aкционерлік ҚоғамыӘскерилендірілген темір жол күзеті
Приёмная +7 (7172) 93-22-44
Телефон доверия +7 (7172) 93-33-12
Электронная почта info@vjdo.kz

Тексеріп қарау

Тексеріп қарау

Тексеріп қараудың мақсаты көлік инфрақұрылымы объектілерінің, жолаушылар мен келушілердің терроризмге қарсы қорғалуын және олардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Жолаушыларды және келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбесінде белгіленген заттар мен құралдарды заңсыз алып өтуін болғызбау үшін жүзеге асырылады.

Тексеріп қарау деп тексеру, оның ішінде көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдарды сәйкестендіру және/немесе табу мақсатында техникалық немесе басқа да құралдарды қолдану жолымен тексеру түсініледі.

2018 жылы көлік инфрақұрылымының 18 объектісінде іріктеп тексеріп қарау барысында 16 453 022 адам тексеріп қаралып, тыйым салынған 20 726 зат пен құрал анықталған.