Әскерилендірілген темір жол күзетіжауапкершілігі шектеулі серіктестігі
қабылдау
ауызша өтініштер
Вернуться назад

Директорлар кеңесінің құрамы

Қоғамның Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және Қоғамның Жарғысымен Жалғыз акционердің айрықша құзыретіне берілген мәселелерден басқа Қоғамның қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады.

Қоғамның Директорлар кеңесі Жалғыз акционер-«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ шешімімен келесі құрамда сайланған:

Қайрат Әбенұлы Сәуірбаев

 «ӘТЖК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Басқармасының
2018 жылғы 14 тамыздағы шешіміне (№ 02/29 хаттама) сәйкес Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі-төрағасы болып «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ атқарушы директоры-«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» АҚ Бас директоры Қайрат Әбенұлы Сәуірбаев сайланды.

Қайрат Әбенұлы Сәуірбаев 1965 жылғы 27 тамызда Целиноград (Астана) қаласында дүниеге келген.

Орта мектепті тамамдаған соң, Алматы теміржол көлігі инженерлері институтының "Теміржол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару" мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1984 жылы Целина теміржолының Целиноград бөлімшесіндегі жүк операцияларын жүзеге асыру бөлімінде кезекші қызметінен бастады.

1992 жылдан бастап  Қазақстан Республикасының темір жол саласында түрлі басшылық лауазымдарында жұмыс істеді. Бас инженер, Ақмола тасымалдау бөлімшесіндегі техникалық жұмыс бойынша бөлім бастығының орынбасары, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-"Тасымалдауды басқару орталығы" филиалының тасымалдау процесінің үйлестіру басқармасының бастығы, - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Тасымалдау басқармасының тасымалдау процесінің үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2008 жылы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-"Павлодар жол бөлімшесі" филиалының директоры, "ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының директоры және басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

2015 жылдың шілдесінен 2016 жылдың мамырына дейін «Қазтеміртранс» АҚ-ты, 2016 жылдың мамырынан бастап шілдесіне дейін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ- Тасымалдау процесі дирекциясын басқарды.

2016 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 4 маусымына дейін «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» АҚ-тың операциялық қызмет жөніндегі вице-президенті міндетін атқарды.

2017 жылдың маусымынан 2018 жылдың 4 шілдесіне дейін «Қазтеміртранс» АҚ Басқармасының төрағасы (президенті) қызметін атқарды.

2018 жылдың 6 шілдесінен бастап "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ  атқарушы директоры-«ҚТЖ – Жүк тасымалдары» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

2018 жылдың желтоқсанынан бастап "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ  басқарушы директоры-«ҚТЖ – Жүк тасымалдары» АҚ Бас директоры лауазымында қызмет етеді.

«Құрмет» орденімен, «Құрметті теміржолшы» белгісімен, "Біртұтас Қазақ темір жолына 50 жыл" "Достық - Алашанькоу темір жолдарының түйіскеніне 20 жыл", «Қазақстан темір жолына 110 жыл» төс белгілерімен марапатталған.

Бахытжан Балғабекұлы Балташев

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының 2018 жылғы 25 маусымдағы шешіміне (№ 02/23 хаттама) сәйкес Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі-тәуелсіз директор болып сайланды.

Балташев Бахытжан Балғабекұлы 1969 жылғы 12 шілдеде Ақмола облысына қарасты Щучинск қаласында туылған.

Орта мектепті аяқтаған соң Көкшетау ауылшаруашылық институтының «Ауыл шаруашылығын механизациялау» факультетіне түскен,  санаты: инженер – механик 1992 жыл.

1993-1996 жылдары Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасының жоғары полиция мектебінде оқып, заңгер – құқықтанушы деген мамандық алып шығады.

1992 жылғы 20 тамыздан бастап 2015 жылғы 29 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігінде түрлі қызметтер атқарған. Соңғы лауазымы ҚР ІІМ әкімшілік полициясы комитетінің бірінші орынбасары, полиция полковнигі.

2015 жылғы 13 қазаннан бастап «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі-тәуелсіз директор.

Айгүл Құрмантайқызы Нұрпейісова

Директорлар кеңесінің мүшесі

 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Басқармасының 2019 жылғы
26 сәуірдегі шешімімен (№ 02/14 хаттама) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Экономика және жоспарлау департаментінің директоры Айгүл Құрмантайқызы Нұрпейісова «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттілік мерзіміне Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Айгүл Құрмантайқызы Нұрпейісова 1974 жылғы 27 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Орта мектепті аяқтаған соң Алматы еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының «Қаржы және несие» факультетіне оқуға түседі.

Еңбек жолын 1996 жылы № 29 орта мектептің бас есепшісі лауазымынан бастады. Мектептен кейін бизнесте тәжірибе алып, «С-Айдабол» ЖШС-да есепші болып қызмет еткен.

Қазақстан Республикасының темір жол саласында 1999 жылдан бастап еңбек етіп келеді.

1999 жылдың ақпан айынан бастап 2018 жылдар аралығында төмендегі басшылық қызметтерді атқарды: «Локомотив жөндеу» ААҚ экономика және талдау бөлімі бастығының орынбасары, «Вагонсервис» АҚ экономика басқармасының бастығы, «Қамқор» жөндеу корпорациясы» ЖШС экономика департаментінің бас менеджері, «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарушы директорының міндетін орындаушы, экономика жөніндегі атқарушы директоры, «Алматы вагонжөндеу зауыты» АҚ экономка және қаржы жөніндегі вице-президенті, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС Бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары, «ТПЭП» ЖШС стратегиялық даму департаментінің директоры, «ҚТЖ»ҰК» АҚ операциялық және қаржылық қызметті жоспарлау департаментінің бас менеджері.

2018 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Экономика және жоспарлау департаментінің директоры.

Сертифкикатталған кәсіби бухгалтер, 2016 жылдан бері Doctor of business administration (DBA).

© 2024, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС
Әрлем мен дамыту — Pavlenko.kz
Әскерилендірілген темір жол күзетіжауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Заказать консультацию
Оставьте ваши данные и мы свяжемся с вами как можно скорее
Нажимая на кнопку отправить вы соглашаетесь на обработку персональных данных