Әскерилендірілген темір жол күзетіжауапкершілігі шектеулі серіктестігі
қабылдау
ауызша өтініштер
Вернуться назад

Тараз қаласындағы филиалдың тарихы

Әскерилендірілген күзеттің Жамбыл отрядының тарихы Түркісібті енгізу уақытында басталған. Әскерилендірілген күзеттің Жамбыл станциясындағы отрядын ұйымдастырғанға дейін темір жол объектілерін күзетуге түрлі ұйымдардың, оның ішінде теміржол көлігіне қатысы жоқ әскери бөлімдердің жұмысшылары жұмылдырылғандықтан, олардың жұмыстарының тиімділігі төменгі деңгейде болған. Бастапқыда, 1932 жылы әскерилендірілген өрт күзеті мен ұйымдастырылып біріктірілген Жамбыл отряды не бәрі 32 адамнан құралып, оған қауіпті, разрядты және әскери жүктерді күзету мен ілеспе күзету міндеттері жүктелген болатын. Срнымен қатарғ 1938 жылғы дейін Жамбыл өрт және әскерилендірілген күзеті құрамына броньдалған пойызы кірген. 1957 жылға дейін аса маңызды объектілердің (туннелдер) күзетін НКВД қызметкерлері казармалық жағдай әдісімен жүзеге асырған. 1948 жылы әскерилендірілген күзеттің отрядына тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету міндеті жүктелді, алайда, арнайы номенклатуралық жүктер тізбесі бойынша (14 аталуы бар) және теміржол көлігінің объектілерін күзету. Әскерилендірілген күзеттің негізгі басшылыққа алған құжаттарының бірі Кеңес әскерінің Жарғысы болды. 1948 жылдан 1964 жылға дейін бөлімшелер мен отрядтарды басқарушы құрамдарының кіші лейтененттан полковникке дейінгі әскери атақтары болды.

Жамбыл станциясының СПК ұжымы, 1956 жыл

Жылдар бойы, жүк айналымы өскен сайын отрядтың жеке құрамын толықтыру қажеттілігі туындап, Жамбыл отрядының 938 км құрайтын, қызмет көрсету учаскесінің шекарасы үлкейтілді. 1957 жылдан 1987 жылға дейін Жамбыл отрядына Түркістан, Арыс, Шеңгелді, Шымкент, Түлкібас, Жамбыл, Қаратау, Луговая, Бішкек станцияларында орналасқан 9 бөлімше, оның төртеуі құрамына өрт пойыздары кіретін атқыштар-өрт сөндірушілер бөлімшелері кірді.

Сонымен қатар, Маймақ, Машат және Қостүйін станцияларындағы үш аса маңызды объект болды, Кеңес одағы тарағаннан және Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі соңғы онжылдықта әскерилендірілген теміржол күзеті бірнеше рет өзгерді.

Алма-ата т.ж. әскерилендірілген күзеті басшылығының активі, Жамбыл станциясы, 1966 жыл

Алма-ата т.ж. әскерилендірілген күзеті Жамбыл отрядының активі, Жамбыл станциясы, 1989 жыл

Республика бойынша орын алған өзгерістер нәтижесінде соңғы жылдары әскерилендірілген күзеттің құрамы бірнеше мәрте өзгерді. 1998 жылғы 07 сәуірде әскерилендірілген күзет  «ҚТЖ» ЕМК-нің «Мамандандырылған әскерилендірілген күзет қызметі» еншілес мемлекеттік кәсіпорыны («МӘКҚ» ЕМК) болып қайта құрылды.

2002 жылғы 01 наурыздан бастап «МӘКҚ» ЕМК аталуы «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы болып өзгертіліп, құрамына кіретін 13 филиалдың бірі «ӘТЖК» АҚ Тараз қаласындағы филиалы болды.

 «ӘТЖК» АҚ Тараз қаласындағы филиалы штабының ұжымы, 2008 жыл

2013 жылғы желтоқсанда «ӘТЖК» АҚ Тараз қаласындағы филиалы «ӘТЖК» АҚ Шымкент қаласындағы филиалына қосылып, 2015 жылғы мамырда филиалдың қызмет көрсететін учаскесі «ӘТЖК» АҚ Алматы қаласындағы филиалына берілді. Қоғамның филиалдарын қайта құру аясында 2019 жылдың 13 қаңтарында «ӘТЖК» АҚ Тараз қаласындағы филиалы қайта құрылды. Қазіргі уақытта «ӘТЖК» АҚ филиалы көрсетілетін күзет қызметтерінің орындалуындағы көрсеткіштер нәтижелерін жоғары деңгейге көтеру үшін барлық шараны қабылдауда.

© 2024, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС
Әрлем мен дамыту — Pavlenko.kz
Әскерилендірілген темір жол күзетіжауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Заказать консультацию
Оставьте ваши данные и мы свяжемся с вами как можно скорее
Нажимая на кнопку отправить вы соглашаетесь на обработку персональных данных