Әскерилендірілген темір жол күзетіжауапкершілігі шектеулі серіктестігі
қабылдау
ауызша өтініштер
Вернуться назад

Әскерилендірілген күзеттің құрылғанына 100 жыл толуына орай өткізілген спартакиада

Әскерилендірілген күзеттің құрылғанына 100 жыл толуына орай өткізілген спартакиада - «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалдарында ағымдағы жылдың қазан айында әскерилендірілген күзеттің құрылғанының 100 жылдығына арналған атқыштар командалары қызметкерлерінің арасында осы ғасырлық мерейтойды өздерінің жүйелі жұмыстары мен және спорттық жетістіктерімен атап өтетін Спартакиада өткізілген болатын.
Спорттық іс-шаралар коронавирустық инфекцияның таралуынан туындаған ұзақ пандемиялық кезеңнен кейін дене шынықтыру мен спортты жандандыруға және одан әрі енгізуге, денсаулықты күшейтуге және Серіктестік қызметкерлерінің арасында ауруға шалдығуды төмендетуге жаңа серпін берді.
«ӘТЖК» ЖШС Ақтөбе, Атырау, Алматы, Түркістан, Тараз және Достық филиалдарында Спартакиада ұйымдастырылып, спорттық мерекеге 260-тан артық қызметкер қатысты.
Спорттың мини-футбол, қаруларды бөлшектеп бұзу және жинау, тартылу, армрестлинг, жеңіл атлетикалық эстафета және басқа түрлері бойынша жарыстар өткізілді.
Филиалдардың басшылықтары атқыштар командаларының күнделікті жұмыстарының көптігіне қарамастан, кәсіподақ комитеттерінің қаржылық қолдауымен жарыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырды, ал үздік командалар мен спортшыларға медальдар, грамоталар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Шақырылған әкімдіктер өкілдері, теміржол ұйымдарының, құқық қорғау органдарының басшылары және еңбек ардагерлері іс-шаралардың маңыздылығын, саламатты өмір салтын насихаттау мен өскелең ұрпақтарға үлгі көрсету екенін атап өтті.
Ақтөбе филиалының ұйымдастыру комитетіне, сондай-ақ Спартакиада өткізуге бастамашы болған филиалдың директоры Сарыбай Жанғалиұлы Сәрсеновке Ақтөбе қаласының «Қоныс» Спорткешенінде жоғары деңгейде өткізілген, Спартакиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша нақты және жүйелі жұмыстары үшін алғыс білдіреміз, атқыштар командаларының қызметкерлері заманауи спорткешеннің спорттық құралдар мен объектілердің пайдалана отырып, өздерінің үздік жетістіктерін көрсетті. Серіктестіктің беделін көтеру және дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсаттарында Спартакиада облыстық теле арнадан көрсетілді.
Сонымен қатар, Атырау филиалының Атырау қаласындағы Орал өзенінің жағасында алғаш рет балықты жағада тұрып лақтырма қармақпен аулау бойынша біріншілікті өткізу туралы шешім қабылдаған ұйымдастырушыларын атап өткен жөн.
Жарыстардың қатысушылардың санын шектеу және жарысқа қатысуға тек «Аshyq» қосымшасында «жасыл» мәртебесі бар қызметкерлерге рұқсат беру сияқты санитариялық-эпидемиологиялық нормалар сақталып өткізілгенін атап өткен маңызды.

Бұдан әрі назарларыңызға өткізілген жарыстардың фотогалереясын ұсынамыз:

Ақтөбе филиалында өткен Спартакиада

Атырау филиалында өткен Спартакиада

Алматы филиалында өткен Спартакиада

Түркістан филиалында өткен Спартакиада

Тараз филиалында өткен Спартакиада

Достық филиалында өткен Спартакиада

22 Окт 2021 г.
309
© 2024, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС
Әрлем мен дамыту — Pavlenko.kz
Әскерилендірілген темір жол күзетіжауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Заказать консультацию
Оставьте ваши данные и мы свяжемся с вами как можно скорее
Нажимая на кнопку отправить вы соглашаетесь на обработку персональных данных