Әскерилендірілген темір жол күзетіжауапкершілігі шектеулі серіктестігі
қабылдау
ауызша өтініштер
Вернуться назад

Әскерилендірілген күзеттің 99 жылдығына орай ұйымдастырылған мини-футбол ойыны бойынша жолдастық матч

Әскерилендірілген күзеттің 99 жылдығына орай ұйымдастырылған мини-футбол ойыны бойынша жолдастық матч - «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде (бұдан әрі - Серіктестік) дене шынықтыру мен спорттың бұқаралық түрлерін енгізу, қызметкерлердің саламатты өмір салттарын бекіту және аурудың алдын алу мақсаттарында Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» спорт кешенінде 2020 жылдың 05 желтоқсанында Серіктестіктің қомандасы мен Нұр-Сұлтан қаласы күзет құрылымдарының құрама командасы арасында әскерилендірілген күзеттің 99 жылдығына орай мини-футбол ойыны бойынша жолдастық матч өткізілді.

Ойын емін-еркін жағдайда, бірақ үлкен спорттық азартпен өтті, екі команда да өздерінің шеберліктері мен жақсы дайындықтарын көрсетті. Серіктестіктің футболшылары ойын тәртібін сақтай отырып, ойдағы тактикаларды ұстанды, ойын қорытындысы бойынша әскерилендірілген теміржол күзетінің командасы 5:3 есебімен жеңіске жетсе де, алайда жеңіс екі команданың футболшыларына ортақ болды!

Жолдастық матчты өткізу кезінде коронавирустың профилактикасын сақтау мақсатында алдын алудың барлық санитариялық-гигиеналық шаралары сақталды.

Авторы: Қанат Бейсембаев

08 Дек 2020 г.
229
© 2024, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС
Әрлем мен дамыту — Pavlenko.kz
Әскерилендірілген темір жол күзетіжауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Заказать консультацию
Оставьте ваши данные и мы свяжемся с вами как можно скорее
Нажимая на кнопку отправить вы соглашаетесь на обработку персональных данных