Стационарлық объектілерді күзету
Теміржол саласындағы объектілерді, сонымен қатар көпірлерді, тоннельдерді, эстакадаларды, жол сымдарын, жасанды құрылыстарды күзету компаниялармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен жасалған келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады.
Күзетшілер объектілерді патрульдеу және олардың жай-күйін, сондай-ақ күзетілетін объектінің аумағындағы жағдайды бақылау арқылы күзетеді. Жасанды құрылыстардағы, станция объектілеріндегі, станцияаралық жолдардағы, зауыттар мен кәсіпорындардағы рұқсат беру режімі «ӘТЖК» АҚ пен компаниялардың, кәсіпорындардың немесе ұйымдардың келісе отырып әзірлеген құжаттарына сәйкес белгіленеді.
Күзетшілер объектілерді, жеке және заңды тұлғалардың мүліктерін заңға қайшы әрекеттерден қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қызметтік қару мен арнайы құралдарды қолдануға құқылы.
Арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолданар алдында оларды қолдану бағытталған адам міндетті түрде ескертілуі тиіс.
Объектілердің күзетін күшейту, тоналудың және теміржол көлігіндегі заңға қайшы басқа да әрекеттердің алдын алу мақсаттарында профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.
«ӘТЖК» АҚ филиалдары аталған іс-шараларды жоспарлауды көліктегі ішкі істер органдарымен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк қызметінің қызметкерлерімен және теміржол көлігінің басқа да қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырады.