Сапар желісі бойында жүктерді ілеспе күзету және күзету
Теміржол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзет қарамағына алынуы тиіс жүктер тізбесіне енгізілген жүктерді күзету тасымалдаушымен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру туралы жасалған келісімшарт негізінде қамтамасыз етіледі.
Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау кезінде ілеспе күзету толассыз және екі тәсілмен:
- күзетшілер тобы (жасағы) жүктерді сапар желісі бойындағы кейбір теміржол станцияларында күзетшілер құрамын ауыстыра отырып ілеспе күзетеді;
- жасақтың жүктерді жөнелту станциясынан межеленген станцияға дейінгі сапар желісі бойында ілеспе күзетеді (толассыз күзет).
Тасымалданатын жүктерді күзетуді ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 наурыздағы «Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» № 291 Қаулысымен белгіленген.